Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қара нан несімен пайдалы?

Талқылау
Пікір
Рүстем
10 Маусым, 16

Қара нанның пайдасы:

  • Қара нанның құрамында қорытылмайтын қатты талшықтар көп. Бұл талшықтар тағамның сіңірілуі мен ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартатын жасұнықтар ретінде белгілі. Оған қоса, қара нан ағазадағы улы заттар мен шлактарды шығаратындықтан, ол ішек жолдары ауыратын адамдар үшін пайдалы.
  • Калориясы аз. Бөлке қан қаншалықты қара болса, оның құрамындағы қара бидай ұнының мөлшері де соншалық көп. Демек, калориясы аз. 100 грамм ақ нанның құрамында 250 килокалорий болса, қара нанның 100 граммында 174 килокалорий бар. Осы себепті арықтағысы келетін адамдарға тамақпен бірге ақ наннан гөрі, қара нанды жеген жөн. 
  • Қара нанның құрамында аминқышқылдар мен дәрумендер көп. Қара бидай дәнінің құрамындағы заттардың бидай дәнінің құрамындағыдан айрмашылығы аз. Алайда өңдеуге бидайдан қарағанда, қара бидай дәні төзімді келеді. Сол себепті де бойында пайдалы заттар көп сақталады.
  • Қаназдық пен жүктілік кезінде пайдалы. Қара нан жан жасушаларының құрылуына, ұрықтың жетілуіне себін тигізетін магний, темір сынды пайдалы пикроэлементтрге бай. Сонымен қатар қара нан қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді. 
  • Кейбір аурулардың алдын алуға көмектеседі. Қара нанды тұрақты жеу онкологиялық ауруларға алып келетін қатерлі ісіктің пайда болу қаупін төмендетеді. Бұл тағам қант диабетінің алдын алуға да себін тигізеді. Ғалымдардың жүргізген зерттеуі бойынша, ақ нанның орнына қара нан жейтін әйелдердің қант диабетіне шалдығу қаупі 3 есеге төмен. 
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?