0 интересует 0 не интересует
спросил 08 Июнь, 16 от Тұрар в категории Денсаулық
показан 09 Июнь, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Алқым ісуі - бұл қалқанша безінің үлкеюі. Мұндай ауру көбіне йод тапшылығы басым елдерде кездеседі (алайда құрамында йод бар дәрі-дәрмек қаблдау барысында йод мөлшерінің көбеюі себепті де болуы мүмкін). Әйелдердің алқым ісінуіне шалдығу қаупі ер адамдарға қарағанда 5 есе көбірек. Пайда болған түйіндер қалқанша безі тіндерінде пайда болатын жара іспетті нәрселер.

Қалқанша безі - адам ағазындағы зат алмасуын реттеу орталығы. Оны көбіне денсаулық сақтаушысы деп атайды. Сондықтан қалқанша безінде қиындықтар туындаса, адамда ашушаңдық, көңіл-күйдің құбылмалылығы, шаршаңқылық мен ұйқышаңдық байқалуы мүмкін. 

Әдетте қалқанша безіндегі қиындықтар егде жастағы әйелдерде пайда болып жатады. Десе де ер адамдар үшін де бұл мәселе маңыздылығын жоймайды.

Қалқанша безі - біздің организміміздегі маңызды аңзалардың бірі. Ол өзінің күшкентай ғана көлеміне (шамамен 20 грамм) қарамастан, өмірлік қуаттың генераторы іспетті қызмет атқарады. Медицина қызметкерлерінің қалқанша безін "жұмысшы ара" деп атауы да бекереден емес. Қалқанша безі тироксин, трийодтиронинді бөліп шығарады. Ал бұл заттектерсіз адам организмінде қуат бөліп шығарылуы мүмкін емес, Оған қоса бұл қуат адамның барлық ағзалардың дұрыс қызметіне бағытталады. 

ответил 09 Июнь, 16 от Нұртас