Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

С дәрумені жайлы қандай деректер білесіздер?

Талқылау
Пікір
Қадыр
09 Маусым, 16

С дәрумені жайлы деректер:

  • С дәруменінің ең көп мөлшері барбадосс шиесінің құрамында кездеседі. жидектің 100 граммында 1677,6 мг С дәрумені бар. 
  • Цитрусты жемістер арасында құрамындағы С дәріменінің мөлшері бойынша көш бастайтын - апельсин. Піскен жемістің 100 граммында С дәруменінің 60 мг мөлшері бар. Ал лимонда 40 мг, грейпфрутта 45 мг, мандаринде 38 мг мөлшерде кездеседі.

  • С дәрумені термиялық өңдеуге шыдамайды. Қайнату барысында С дәруменінің 50-60%-ы жоғалса, көкөніс пісірмесін дайындау барысында 75-90%-ы жоғалады. Сондықтан жеміс-жидек, көкөністерді пісіріп не бұқтырып емес, жаңа піскен (шикі) күйінде жеген дұрыс.

  • Суық тию, тұмаудың алдын алу үшін көп мөлшерде С дәруменін қабылдаудың еш әсері жоқ. Эпидемиология және халық денсаулығы ұлттық орталығындағы аустарлиялық ғалымдардың зерттеуі бойынша, көп мөлшердегі С дәрумені сауығуға әсер етпейді. Оған қоса, АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институтының дәйектері бойынша, біздің ағамыз бір күн ішінде С дәруменін 400 мг-нан артық мөлшерде сіңіре алмайды.

  • С дәрумені - арықтағысы келетін адамдар үшін пайдалы. Ол тотығу-тотықсыздану процессіне, ақуыздың түзілуіне қатысады. Сонымен қатар, ол ісінуді басып, организмде бос радикалдардың жиналуының алдын алады. 

  • С дәрумені таблетка түрінде емес, жеміс-жидек, көкөністер арқылы организмге тез сіңеді. Оның табиғи заттардан тез сіңетіні дәлелденген. 

  • Көбіне С дәруменінің жетіспеуі ішек ауыруы кезінде орын алады. Себебі ол тағамнан ағзаға сіңбейді. Оған қоса шылым шегу мен мен кофені көп ішу организмнен С дәруменін шығарады.
  • С дәрумені ұзақ сақтала алмайды. Көкөністе бір тәуліктен кейін С дәруменінің 40-60%-ы ғана қалады. Ал алмада үй айдан кейін шамамен 85%, жарты жылдан кейін 75% мөлшері қалады.
  • С дәруменінің бірнеше түрі бар. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?