Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Отбасылық қарым-қатынасты қалай сақтауға болады?

Талқылау
Пікір
Қалқаман
10 Маусым, 16

Отбасылық қарым-қатынасты сақтауға арналған кеңестер:

  • Мінездің құбылмалылығы әр адамда болады. Сондықтан екі жақтың бірі ай сайын бір ашуланып, әр нәрсеге көңілі толмаса, оны сөгудің орынан не мазалайтыны жайлы сөйлесіп, түсінуге тырысыңыз.
  • Ер адам үшін теледидардан спорттық бағдарламалар көру спортпен шұғылданумен бірдей. Ол спорттық бағдарлама көріп жатқан кезде кедергі жасап, мазаламауға тырысыңыз. 
  • Бау-бақша отырғызу, оның күтімі, үйдің тазалығы, ыдыс жуу - мұның барлығы фитнес емес. Бұл отбасының әр мүшесінің міндеті екенін естен шығармаңыз.
  • Ер адамдарға ішіңіздегіні тұспалдамай, тура жеткізген дұрыс.
  • Егер жұбайлардың бірі апта ішінде айтқан сөзін ұмытып кетсе, он кінәлаудың қажеті жоқ. Оның әдейі ұмытпағаны анық. 
  • Егер отбасындағы бір адам семіз не арық болса, ол жайлы күнде айтып, есіне сала берудің қажеті жоқ. Ол сіз айтпасаңыз да біледі.
  • Егер жұбайыңыздың айтқан сөзі екіұшты болса, бірден жаман ойға берілмеңіз. Жақсы жағын қабылдаңыз. Жұбайыңыз дұшпан емес, өмірлік досыңыз.
  • Бір-біріңіздің әр іс-әрекетіңізге есерту жасап, қалай дұрс істеу керек екенін үйретуге тырыспаңыз. Балалық жастан өткендеріңізді ұмытпаңыз.
  • Кейде жалғыз қалып, ойға шому керек. Бұл ретте сүйіктіңізге бөгет болмаңыз. 
  • Егер "Не болды?" деген сұрағыңызға "Ештеңе" деп жауап берсе, демек бәрінің де бірқалыпты болғаны. Сұрағыңызға басқа жауап алу мақсатында одан сайын сауал жаудыра түсіп, жүкесіне тимегеніңіз абзал.
  • Өзгелер үшін емес, ұдайы сүйіктіңіз үшін әдемі болып жүруге күш салыңыз. 
  • Бір-біріңізге жиі сыйлық жасап тұрыңыздар. Сыйлық - адамдарды жақындатады.
  • Үйде болған әңгімені, оқиғаны сыртқа тасудың қажеті жоқ. Сіздің отбасыңызда болған жай - сіздерге ғана тиесілі құпия.
  • Жұбайыңыздың өзіңізге деген қарым-қатынасы қандай болғанын қаласаңыз, өзіңіз де сол талаптарға жауап беруге тырысып бағыңыз.
  • Бір-біріңізге адал болыңыздар. Әрине, айналада келбеті көз тартар сұлу әйелдер мен еркектер көп. Бірақ өзіңіз қарсы жынысқа сүзіліп қарағанда, жұбайыңыздың дәл осындай әрекеті сізді ренжітер ме еді? Мұны да ойлап қою қажет. Жұбайыңыздан көргіңіз, күткіңіз келмейтін әрекеттен өзіңіз де аулақ болыңыз.




 

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?