Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбына шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Admin
22 Қазан, 19

Отан мен үшін тек туған жер ғана емес. Мұнда менің балалық шағым, жастық шағым өтті. Бұл жерде мен достарыммен таныстым. Менің Отаным – тарих пен даналықтың, рухани құндылықтардың мекені.

Мен патриот ретінде Отаным үшін барлығына дайынмын. Әр азамат Отаны үшін отқа түсуге дайын болуы керек деп ойла    ймын. Ең алдымен біз Отанға қарыздармыз. Отан біздің анамыз сияқты, оны туғаннан бастап жақсы көруге және қорғауға тиіспіз.

Мен – Қазақстанның кішкентай ғана бөлшегімін. Мұнда көптеген ұлттар мен ұлыс өкілдері тұрады: орыстар, өзбектер, кәрістер мен немістер, татарлар мен шешендер, т.б. Бәрі де ұлтына, діни көзқарасына, салт-дәстүрінің алуан түрлілігіне қарамай , бір шаңырақ астында ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатыр. Кейбір кісілер Қазақстанға бақытты өмірді іздеп қоныс аударып жатыр және бақытты өмірді құра алады. Біз шын мәнісінде қонақжай халық болып табыламыз. Бұл қонақжайлылық тек үй ішіндегі қонақ күтумен ғана шектелмей, ұлттық, мемлекеттік деңгейге дейін жеткен. 

Отан өз-өзінен құралмайды, ол адамдардан тұрады. Сондықтан да әр адам оны барынша сақтауға тырысуы керек. Әр адам Отаны үшін жанын бере алуы керек дейміз ғой, сонымен қоса Отаны үшін өмір сүре алуы да маңызды. Отанды қорғау үшін әскер болу шарт емес. Әр адам табиғатты қорғаса, оның өзі Отанды қорғағанмен тең болады. Отанға қызмет ету ол – қайыңды барып сүю емес, ең қымбат адамдарыңа көмектесу, оларға қиындықта қол үшін беру деген сөз. Себебі әр адам ол – Отан. 

Қазақтың тарихы – тамыры терең, дүниежүзілік тарихтың бөлшегі. Ежелгі Қазақстан тарихы – б.з.д. 3-2 ғасырларда тайпалардың Ертіс пен Еділдің арасындағы көшпелі өмірі. Тарихқа үңілсек, халықтың азаттыққа, тәуелсіздікке жетуі үшін екі мыңнан аса жыл қажет болған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде болсын, патша үкіметінің кезінде болсын, ашаршылық жылдарында, Ұлы Отан соғысы жылдарында да  мыңдаған, миллиондаған бабаларымыз сол бір азаттық үшін күресті. Ал көптен күткен тәуелсіздікке 1991 жылы ғана жеттік. Дегенмен соншалықты жас мемлекет бола тұра, экономикамыз бен халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бұған үкіметтің де, халықтың да еңбегі ерен. Қазір Қазақстан бай, әлемдік деңгейде маңызы бар мемлекеттер қатарында.

Қазірде Қазақстанда болашаққа деген сенім бар! Біз жастар жарқын болашаққа сенеміз және армандай аламыз, нақты сеніммен алдымызға мақсаттар қоямыз. Бұл – Отанымыздағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің арқасы. 

Кейбіреулер менен Отанды не үшін жақсы көресің деп сұрап жатады. Меніңше, бұл сұрақ қате. Кейде бұл сезім мен туа салысымен-ақ жүрегімде пайда болғандай көреді. Әрине бұл сезімнің орнығып, саналы дәрежеге жетуі үшін ата-анамның, мұғалімдерім мен оқытушыларымның рөлі ерекше. Өйткені олар маған Отанымның табиғатын, халқын, салт-дәстүрі мен тарихын таныстырды. Отанға деген махаббатымды арттыруға көмектесті. Отанды оның ұрпақтан-ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлері үшін, кең даласы мен асқар таулары үшін, сарқырап аққан өзендері мен айдын көлдері үшін жақсы көруге болады. Маған оның әр тасы қымбат. Дегенмен әр адамның Отаны – өзінікі. Және әркім оны өзінше жақсы көреді. 

Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Отанды сүймеуің де – күйік екен.
Отанды сүйгенің де – күйік екен...

Шынында, Мұқағали айтқандай, Отанның бәрін сүйесің, тасынан бастап, шырылдаған бозторғайына дейін. Тұтастай, бөлмей, барымен жақсы көресің. Жақсысын да, жаманын да қабылдай аласың. Отан ол тек сенің ОТАНың болғаны үшін ғана қадірлі, аяулы. Тек жүрексіз адамдар ғана Отанға деген ең биік, ұлы сезімді сезіне алмайды. Отан – әр адамда жалғыз. Оған деген махаббат та – жалғыз.

Темірлан
16 Ақпан, 16

Менің Қазақстаным - ең қымбат, маңызды, сүйікті мемлекет. Ол - менің Отаным!

Талай заман бойына ата-бабаларымыз күшін сарп, өмірін құрбан етіп, ел мен жерді қорғап, бізге аманат етті. Осы бір өлкеде бір отбасыдай ынтымағы жарасып жүзден астам ұлт өкілі, он алты миллионнан астам адам тұрып жатыр. Әр тілде сөйлеп, әр дінді ұстанатын осынша халықтың бір мемлекетте тату-тәтті тұрып жатқанына таңданамын да. Ол бір-біріне деген жылы қатынаспен ғана емес, бауырмалдықпен де қатар жүреді. Елімізде қазақ, орыс, түрік, ұйғыр, неміс, кәріс, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер басылып, ұлттық театрлар, эстрадалық ансамбльдер жұмыс істеп, радио мен теледидарларда ұлттық бағдарламалар жүргізіліп жатады.

Әр ұлттан құралған біздің бәріміздің басымызды біріктіретін - ортақ Отанымыз. Мұнда қазақтар да, татарлар да, орыстар да, кәрістер де бар. Бәріміз үшін бұл жер туған жерімізге айналған. Ынтымақ пен бірлікке деген талпыныс әр ұлттың қанынан табылады, әсіресе, оны қазақтардан байқай аламыз. Қазақ жері қаншалықты кеңпейіл, жомарт болса, қазақ халқы да - соншалықты қонақжай әрі кеңпейіл. Осында тұратын барша адамға қазақ тілін, тарихын, салт-дәстүрін білу парыз.

Қазақстан - тәуелсіздігін алғанына жиырма жылдан енді асса да, үлкен мүмкіндіктерге толы мемлекет. Оның дамуы қарқынды түрде жүруде. Қазір біз бала болсақ та, әлден болашаққа жоспарлар құрып, мемелекетіміздің дамуына септігін тигізер үлкен азамат болсақ деген арманмен өмір сүреміз. Сабақты жақсы оқып, мейірімді әрі кеңпейілді болып, үлкендерді құрметтеп, кішілерге ізет көрсетіп, көп нәрсені үйреніп, адамдардың қайғы-мұңына жанашырлық танытып, көмектесе білуіміз керек. Себебі бұл игі қасиеттің бәрі біздің елбасымыздың бойынан табылады.

Біз тыныш та тату өмір сүруімізге жағдай жасап жатқаны үшін елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты құрметтейміз. Әрине, әр түн сайын ұйқыға жатарда ертең аман-есен оянатынымызға, болашағымызға еш қауіп жоқ екенін сезініп, сенеміз. Өмірде одан басқа адамға не керек? Жер бетіндегі тыныштық пен бейбітшілік - әр адамның ең басты тілегі мен қалауы.

Міне, менің Қазақстаным осындай! Оны қалай сүймеске?

Біз мемлекетіміздің өткенімен мақтанып, оның бүгіні мен келешегі үшін аянбай тер төгіп, өмірімізді арнаймыз.

 

 

Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Batyrkhan_kausar
2 жылы бұрын пайда болды

"Ұшқан ұя" (Бауыржан Момышұлы) қысқаша мазмұны бар ма?

0
Назерке
2 жылы бұрын пайда болды

Басқаға ұқсау оңай ма? тақырыбында эссе

0
Araika
3 жылы бұрын пайда болды

Отбасы туралы эссе барма??

0
Ера
3 жылы бұрын пайда болды

«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

 «Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

Бағалау критерийі:

Эссе жазады

Эссе құрылымын сақтайды

 

3 аргумент келтіреді

 

Дәлелдері жеткілікті

 

Тақырыпты аша алады

 

Өзіндік көзқарасы, пікірі бар

Орфографиялық норма

 Сауатты жазады

2
Алмас
5 жыл бұрын пайда болды

Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді

Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?