0 интересует 0 не интересует
спросил 15 Фев, 16 от Мунира в категории Саяхат және туризм

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Поезға электронды билетті интернет арқылы сатып алу

Клиенттерге электронды билетті интернет арқылы сатып алу мүмкіндігін беру - Витринаның негізгі қызметі болып табылады. Билеттерді онлайн түрде сатып алу операциясы 7 кезеңнен тұрады:

1. Клиент қажетті сапар бағытын (жолға жөнелетін жері және жету орны) және поездың жөнелтілу уақытын белгілейді. Жүйе АБЖ (Автоматтандырылған басқару жүйесі) "Экспресс-3" арқылы талап етілген критерийлерге жауап беретін поездар тізімін шығарады.

2. Клиент өзіне ыңғайлы поезды таңдап, поездағы бос орындарды анықтау үшін сұраныс жібереді. Жүйе АБЖ "Экспресс-3" көмегіне жүгініп, орын түрлерінің тізімін ұсынады (вагон типі, орындардың орналасуы және олардың саны).

3. Қолданушы тізімнен белгілі бір типтегі орынды таңдайды. Жүйе АБЖ "Экспресс-3"-ке сұраныс жіберіп, орын типтерінің толық талданған тізімін және белгіленген бағаларын ұсынады.

4. Клиент орындарды таңдап, сатып алғысы келген билет санын көрсетеді. 

5. Клиент электронды билет рәсімделетін жүргіншілер туралы мәлімет енгізеді.

6. Клиент электронды билеттерге төлем жүргізу үшін төлем картасының параметрлерін енгізеді. 

7. Жүйе сатып алынған электронды билеттер жайлы ақпарат енгізілген А4 пішініндегі қағазды құрастырады. Клиент электронды тіркеуге тіркелген болса, бірден поезға отыруға, тіркелмеген жағдайда теміржол кассаларынан немесе өзіне-өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминалдардан билет алуға мүмкіндік беретін А4 пішініндегі қағазды принтер арқылы шығарып алады.

ответил 16 Фев, 16 от Жадыра