Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Табысқа қалай жету керек?

Талқылау
Пікір
Нұрғанат
10 Маусым, 16

Табысқа жету жөнінде кеңестер:

  • Сәтсіздіктердің тосқауыл болуына жол бермеңіз. Тіпті, ең дарынды деген адамдардың өзі бір талпыныстан жетісітікке жете бермейді. Ойыңыздағы мақсатыңыз өз қалағаныңыздай болмағанша талпынудан шаршамаңыз. Әр талпыныс сайын мақсатыңызға бір табан жақындай түсесіз. 
  • Мақсатыңызды кейінге қалдырмаңыз. Уақыт өте келе мұнан да ақылды, қабілетті, талапты болатыныңызды күтпеңіз. Дәл қазір әрекеттенуді бастаңыз. Тек әрекет жасау арқылы ғана өзіңізді кемелдендіре түсесіз. 
  • Егер қиындық туындаса, оның себебін іздеп бас қатырудан бұрын, мәселенің шешімін табуды ойластырыңыз. Кедергіге бар ойыңыз бен уақатыңызды жұмсап, оның алтындай уақытыңызды ұрлауына жол бермеңіз.
  • Жағымды ойлармен өмір сүріңіз. Сіздің ойыңыз да, көңіл-күйіңіз де жақсы болуы тиіс. Жағымсыз ойлар еш уақытта мақсатқа алып келмейді. Адамның ойы да - дұға.
  • Адамдармен қарым-қатынастан шектелмеңіз. Адамдармен сөйлесуге, қарым-қатынасқа ашық болыңыз. Өзіңіздің тәжірибеңізбен бөлісіп, өзгеден үйрене біліңіз. Егер қиындыққа тап болған адамға қол ұшын бере білсеңіз, өз уақытында жақысылығыңыздың қарымы алдыңыздан шығады.
  • Спортпен шұғылдануға уақыт табыңыз. Физикалық жаттығулар кез-келген адамға пайдалы болары сөзсіз. Ең болмағанда таңеретең тұрып, жүгіруді қолға алыңыз.
  • Жан-жақты болуға тырысыңыз. Сүйікті ісің болған жақсы, әрине. Бірақ бір нәрсеге ғана қадалып қалу дұрыс емес. Әр түрлі салалардан хабардар болып, жан-жақты болуға ұмтылыңыз.
  • "Жалқаулық"сөзін естен  шығарыңыз. Жалқаулық - адам бойындағы ең нашар қасиеттердің бірі. Бойыңызды жалқаулықтың билеуіне мүмкіндік беру арқылы сіз арман-мақсаттарыңыздан алшақтай түсесіз. Істі кейінге қалдыру ешқашан мақсатқа жеткізбейді.
  • Әр күніңіз бен аптаңызды жоспарлаңыз. Ертең немесе белгілі бір уақыт ішінде жасауыңыз тиіс істердің тізімін құрыңыз. Сонда еш нәрсе де ұмыт қалмайды.



 

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?