0 интересует 0 не интересует
спросил 15 Фев, 16 от Айдана в категории Кино мен ТВ
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

"Әмірші әйел" - мелодрама жанрындағы кәріс телехикаясы. Телехикаяда Ки есімді императрица өміріне негізделген. Ол -   Моңғолдың Юань империясының соңғы билеушісі император Тогон-Тэмурдың жұбайы. Сериалдан тек Ки императрица өмірінің түйіткіл тұстарын ғана емес, патша әулетінің өмірін, құпиясы мен қиындықтарын көре аласыздар. 

Телехикая Моңғол империясының Қытайдан бөлініп, Мин әулетінің пайда болған тұсындағы уақыт аралығында өрбиді. Императрица Киге ғашық болған қос қолбасшының арасындағы текетірес, шынайы махаббат, қулық пен адалдық, кекшілдік пен сатқындық, шиеленіскен қарым-қатынас аталмыш үштіктің арасындағы қатынаста орын алады. Хикая сүйіктісінен, баласынан алыстатылып, ата-анасынан айырылған Кидің басындағы ауыртпалық күндерден басталады. Одан әрі оқиға оның өмір үшін, отбасы үшін, елі үшін күресіне ұласып, осы жолдағы махаббатқа тұрақтылығы, қайсарлығы арқылы әмірші әйелдің барлық қыр-сыры ашылып, арман-мақсаты, құпиялары белгілі болады.

Телехикаядағы басты рөлдерді  Ха Чжи Вон, Чу Чжин Мо, Чжи Чан Ук сомдаған.

Ха Чжи Вон

 

Чжи Чан Ук

Чу Чжин Мо

Телехикая кадрлары

ответил 16 Фев, 16 от Айсара