0 интересует 0 не интересует
спросил 15 Фев, 16 от Рауан в категории Денсаулық
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Салауатты өмір салтын ұстану жолдары:

- Балық майын тұтыныңыз. Балық майы күйзеліспен, жүрек ауыруымен, 2-типегі қант диабетімен күресуге көмектеседі. Оның артықшылықтарын ескере отырып, балық майын әр адам тұтынуы керек қосымша тағам деп айта аламыз. Майлы балықты қандай жиілікте жейтініңзіге байланысты, күніне 3-6 грамм балық майын тұтынуыңыз жеткілікті.

- Көк шай ішіңіз. Мықты антиоксиданттарға лық толы көк шай кейбір ауырулардың алдын алып, көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына септігін тигізеді. Тіпті, қара судың өзін күніне 2-3 шыны көк шай ішу арқылы сиқырлы сусынға айналдыра аласыз. 

- Күн шуағына шомылыңыз. Күн жарқырап тұрған кездерде далада серуендеуді ұмытпаңыз. Күн сәулесі - ағзада Д дәруменінің бөлінуінің тамаша әдісі. Д дәрумені сүйек тінін қатайтып, күйзеліспен күресуге көмектеседі. Күн көзінде 15-20 минут жүруге тырысыңыз.

- Тамақты шамадан тыс тойып ішпеңіз. Біз қарыны ашпаса да, үнемі тамақ жеуді әдетке айналдырған әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бұл әдетпен күресіңіз. "Тағы да бірдеңе жейтін едім" деген сезіммен үстелден тұрып кетсеңіз, май қабатының жиналуының алдын аласыз. Осы арқылы, тамақты шектен тыс жеп қойған күннің өзінде, жеңіл тамақтанған күніңіз орнын толтыруға мүмкіндік береді.

- Әр түн сайын 8 сағат ұйықтаңыз. Өзіңізді жақсы сезінуге және денсаулығыңызды сақтауда ұйқының тигізер әсері мол. Ол сонымен қатар, денеңіздің салмағының қалыпы болуына және қартаю белгілерінің пайда болуының баяу жүруіне себін тигізеді. Күнделікті 8 сағат ұйықтауды әдетке айналдырыңыз. Мүмкіндігіңіз болып жатса, демалыс күндері 1-2 сағат артығымен ұйықтап, ұйқыңызды қандырып алыңыз. Ұйқының көңіл-күйіңізге қаншалықты ықпалы бар екенін сезінгенде, таңданатыныңыз анық.

- Қоғаммен байланысты күшейтіңіз. Үлкен достықтың берері мансабымыздың өсуі мен қоғамда орнымыздың жоғарылауынан гөрі артығырақ. "Психосоматикалық медицинада" айтылғандай, үнемі қоғамның қолдауын сезіну күйзеліс пен жүрек ауыруының алдын алуға көмектеседі. Адамдармен жылы қарым-қатынасты сақтап, отбасыңызбен, туыстарыңызбен, нағыз достарыңызбен жиірек уақыт өткізуге тырысыңыз.

- Судан бас тартпаңыз. Мәселе су ішуге тірелген кезде, судың мөлшеріне ғана емес, сапасына да мән бергеніңіз жөн. Ағзаңыздағы су теңгерімін дұрыс сусындармен қолдауға тырысыңыз. Ағзаңыздан токсиндерді шығаруға және зат алмасуға себі мол болғандықтан, таза суды жиірек ішіңіз. Судың дәмі ұнамайтын болса, оған лимон шырынын қосып ішсеңіз болады. Күніне кем дегенде 8 стақан су ішуге тырысыңыз.

ответил 16 Фев, 16 от Мадина
0 интересует 0 не интересует

- Аптасына бір күн еттен бас тартыңыз. Бұл күні бойы диванда бір шелек балмұздақ құшақтап жату керек деген сөз емес. Мәселе көкөністерге тіреледі. Аптасына бір күн ағзаңызды еттен демалдырып, оны құрамында ақуызы мол бұршақ тектестерге алмастырыңыз. Көкөністі мол тұтыныңыз. 

- Жиі қозғалыңыз. Көптеген адамдарда тек спортзалдардағы жаттығулар ғана денемізге қажетті физикалық күш түсіреді деген қате тұжырым қалыптасқан. Ойыңызды өгертуге тура келеді. Уақытыңызды қай жерде өткізгеніңізге қарамастан, кез-келген қимыл-қозғалыс діттеген мақсаттарыңызға жақындатады. Тек көп қимылдауға тырысыңыз, оның  үлкен бастамаларыңызға бастар нүктеңіз болары анық. 

- Шексіз "диеталарды" ұмытыңыз. Сіз диета ұстанған уақытта, ағзаңыздағы метоболизм әр күн сайын баяулап отырады. Диетада ұзақ отырғаныңыз сайын, ол зат алмасу процесін тежей түседі. Ешқашан диетаны 6-8 аптадан арық ұстамаңыз. Үзіліс метаболизмнің жылдамдауына көмектеседі. Нәтижесінде -  тағам калориясын қайта санай бастағаныңызда салмағыңыздың айтарлықтай азайғанына көз жеткізесіз.

- Күліңіз. Күлкі - шынымен де ең жақсы дәрі. "Халықаралық кардиология журналында" жүргізілген зерттеуде күн бойына сирек күлетін адамдарда ишемиялық ауырудың даму қауіптілігі жоғары екендігі айтылады. Одан бөлек, күлкі - көңіл-күйіңді көтерудің таптырмас тәсілі. Айтайын дегеніміз, жиірек күліңіз.

- Жиі кітап оқыңыз. Кезекті кешкі киносеанстан бас тартып, күнделікті кітап оқуға тырысыңыз. Оқитыныңыз көркем әдебиет пе, ғылыми әдебиеттер ме, жай ғана журнал ма, оған еш байланыссыз, кітап оқу рухани денсаулығыңызды күшейтіп, ақыл-ойыңыздың жастығын сақтайды.

ответил 16 Фев, 16 от Алмас
0 интересует 0 не интересует

- Қара шоколад тұтыныңыз. Айтқымыз келгені, бір күн ішінде "Сникерстің" бір қорабын тауысу емес. Уақыт өткен сайын артатын шоколад жеуге деген құмарлығыңызды күніне бір кесек қара шоколад жеу арқылы қанағаттандырыңыз. Қара шоколадтың құрамында кемінде 60-70 пайыз какао бар. Ол - сіздің денсаулығыңызға оң ықпал ететін флавоноидтарға бай. 

- Жасанды тәттілендіргіштерден бас тартыңыз. Қанттан өзіңді алыс ұстау керек екені түсінікті, бірақ оны жасанды тәттілендіргіштермен алмастыру ұтымды шешім деп ойламаңыз. Химиялық өндірістің бұл тумалары сіздің денсаулығыңызға бас ауыруларымен, ас қорыту қиындықтарымен, тынышсыздықпен қауіп төндіреді. Бір сөзбен айқанда, олардың тұтынғаннан өзіңізді жақсы сезінбейсіз.

ответил 16 Фев, 16 от Есімхан