0 интересует 0 не интересует
спросил 15 Фев, 16 от Самат в категории Білім, ҰБТ

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу оңай емес. Оған дайындықты қазірден бастау керек. ҰБТ-ға дайындалу үшін мына қағидаларды ұстану қажет:

- Уақытты тиімді пайдалану. Жасайтын жұмыстарыңыздың тізімін жасаңыз, оның ішінен нақыт қажет және жасағым келеді деп тапқандарыңызды белгілеңіз. Жұмыстарды атқарған сайын беліглеп отырыңыз. Ол сіздің тоқырауыңызды емес, қозғалыс үстінде екеніңізді білдіріп, серпін береді.

- ҰБТ-ға дайындалмас бұрын, дайындыққа арналған орын әзірлеп алғаныңыз жөн. Дайындалатын орыныңыздан басы артық заттарды алып, керек оқу құралдарын, оқулықтарды өзіңізге қолайлы болатындай етіп орналастырып алыңыз. Ойлау қабілетіңізді арттыруға сары және күлгін түстердің септігі бар, сондықтан осы түстегі заттарды үстеліңізге, айналаңызға қойып қоюыңызға болады.

- Әр күнге дайындық жоспарын құру. Дә бүгін не істейтініңізді айқындауға көмектесетін нақты жоспар құрып алыңыз.

- Дайындалуға құлқыңыз да, көңіл-күйіңіз де болмаған жағдайда,дайындықты өзіңіз жақсы білетін немесе сізді қызықтыратын материалдан бастағаныңыз жөн. 

- Міндетті түрде дайындық пен демалыс уақытын кезектестіріп отырыңыз: 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс.

- Дайындық үстінде оқып отырған оқулығыңызды түгелдей оқып шығуға не жаттап алуға тырыспаңыз. Материалды сұрақтар бойынша қайталап отырған тиімдірек. Сұрақты оқып, жауабын есіңізге толықтай түсіріп алып, қысқаша ғана жазып қойыңыз. Артынан ғана жауабыңызды оқулық бойынша тексеріңіз. Әр дайындық күнінің соңында материалды қалай қабылдағаныңызды тексеріп отырыңыз: осы күні ұғынған мәліметтеріңіз бен сұратарыңызды қысқаша түрде жазып қойыңыз. 

- 2016 жылғы ҰБТ-ға дайындық барысында жоспар құру арқылы пайдаланатын маериалдарыңыздың тізімін ойыңызда емес, қағаз бетінде құрастырып алыңыз.

- Сіздің мақсатыңыз - мәліметтерді жаттап алу емес, түсіну. Сондықтан ойыңыз бен зейініңізді түйінді ойларға шоғарландырыңыз.

ответил 16 Фев, 16 от Орынбасар
0 интересует 0 не интересует

- 3 қарындаш ережесін меңгеріп алыңыз. Пән бойыша сұрақтарды асықпай, назар аудара отырып оқып алыңыз. 

  • Жасыл түспен дайындықсыз-ақ жақсы білетін сұрақтарды белгілеңіз. 
  • Көк түспен жауабын әлсіз білетін сұрақтарды белгілеңіз.
  • Қызыл түспен жауабын мүлдем білмейтін немесе нашар білетін сұрақтарды белгілеңіз.

Осы түстер арқылы сіз өз дайындығыңыздың деңгейін байқай аласыз. Осыдан кейін дайындыққа кірісуіңізге болады. 

Алдымен, оқу құралдарының көмегімен жауабын нашар білетін немесе мүлде білмейтін сұрақтарыңыздың жауабын іздестріп, меңгеріп алыңыз. ҰБТ-да 2 алмайтыныңыз анық. 

Ендігі кезекте, жауабын әлсіз білетін сұрақтарыңыздың жауабын іздестіріп, түсініп алыңыз. ҰБТ-да 3 алмайтыныңыз да анық.

Дайындалудың осындай әдісі арқылы сіз артық қобалжудан арыласыз. Қалған уақытыңызда жауабын жақсы білетін сұрақтарыңызды қайталап шығыңыз. Мәліметтерді реті бойынша қайталаудан қорықпаңыз.

ответил 16 Фев, 16 от Қанат
редактировать 16 Фев, 16 от Мейрамгуль
0 интересует 0 не интересует

- 2016 жылғы ҰБТ-ға дайындалып отырып, сынақтан "құлап қаламын" деген ойға жол бермеңіз. Керісінше, ойша жеңіске жеткен сәтіңізді жиі елестетіңіз.

- Егер де 2016 жылғы ҰБТ-ны жақсы тапсырғыңыз келсе, әлден өзіңізді сынақтан сүрінбей өткендей сезініңіз.

- 2016 жылғы ҰБТ-ға бара жатып, табысқа жететініңізге сенімді болыңыз. "Құлап қалу" туралы ойламаңыз да.

- Сіздің жалғыз емес екеніңізді ұмытпаңыз. Сіздің қазіргі күйіңізді басқалар да сезінген және аман қалған. Сізбен де солай болады.

- Күйзеліске қуат көзі ретінде қараңыз. Алдыңызда ұшыраған кез-келген қиындықты өмірдің сізге тастаған күреске шақыруы деп білгейсіз!

ответил 16 Фев, 16 от Марфуға
редактировать 16 Фев, 16 от Мейрамгуль