Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ет қосылған бәлішті қалай жасауға болады?

Талқылау
Пікір
Майра
15 Ақпан, 16

Ет қосылған бәліш

Бұл рецепт бойынша жасаған бәлішіңіздің наны қытырлақ, салмасы шырынды болып шығады. Қалыпқа салу тәсілі бойынша кавказ бәліштеріне ұқсағанымен, ашытқысыз жасалады.

Құрамы

Нанын жасауға:

ұн - 2-2,5 ст.

айран - 1 ст.

өсімдік майы - 2 ас қасық

жұмыртқа- 1 дана

тұз - 0,5 шәй қасық

ас сода - бір шөкім

күнжіт - бетіне себуге

Салмасы:

сиыр еті - 400 грамм

пияз - 2 дана

сарымсақ - 1 тісше

көкшөп - 3 ас қасық

кілегей немесе сүт - 3 ас қасық

тұз, бұрыш - талғамыңыз бойынша

Жасалу әдісі

- Нанды әзірлейміз. Ол үшін жұмыртқаны тұз қосып, жеңіл шайқап аламыз. Оған айран, ас содасын, өсімдік майын қосып, жақсылап араластырамыз. 

- Оның артынан ұн қосамыз. Қамыр жұмсақ әрі сәл жабысқақтау (қолға қатты жабысарлықтай емес) болуы тиіс. Қамырды бабына келтіре илеп, 20 минутқа "демалуға" қойып қоямыз.

- Қамыр тынығып болғанша бәліштің салмасын дайындаймыз. Етті, жарты пияз мен сарымсақты қосып еттартқыштан өткіземіз. Еттің майлырақ болғаны дұрыс.

- Қалған пиязды жұқа тілімдерге бөліп, көкшөпті ұсақтап тартылған етке қосамыз (Салмада пияз қаншалықты көп болса, бәліш те соншалықты шырынды болады). Кілегей немесе сүт құйып, тұз бен бұрыш салып, араластырамыз.

- Қамырды бір үлкен жайма етіп жаямыз немесе екіге бөліп, кішірек екі жайма жаямыз. Жайманың қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы керек. Жайманың ортасына салманы салып, тегістейміз.

- Жайманың шетін жинап, ортасына түйістіреміз. Бұл сәтте ескеретін жайт - бәліште еш саңылау болмауы тиіс. Себебі бәліш ішіндегі бөлінген шырын пісу барысында ағып кетуі мүмкін.

- Бәлішті тегістеп, аударып, тегіс және шеңбер болғанша оқтаумен жаямыз. Қалыпқа май жағып, бәлішімізді саламыз. Бәліштің ортасын бу шығу үшін тесіп қоюыңызға немесе шанышқымен бәліш үстін тегістей тесіп қоюыңызға болады.

- Бәліштің бетіне жұмыртқа немесе кілегей жағамыз.

- Үстіне күнжіт сеуіп, пешке 180 градусқа 30 минутқа қойып қоямыз.

- Дайын болған бәлішке су сеуіп, орамал жауып, 15 минутқа қойып қоямыз.

- Енді бәлішті турап, үстелге қойсаңыз болады

Астарыңыз дәмді болсын!

Қоғам және саясат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Нұрбек
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ қай жылы құрылды?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Дефолт дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Социофобия дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Референдум дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Периферия деген не?