Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қиярдың қандай пайдасы бар?

Талқылау
Пікір
Нұрдос
17 Маусым, 16

Қиярдың пайдасы

Қиырдың 95%-ы судан тұрады. Оның құрамындағы ақуыз, майлар мен көмірсулардң мөлшері аз. Қиярда жануардан алынатын ақуыздардың ағзаға сіңуіне оң ықпал ететін ферменттер бар. Сондықтан ет тағамдарын қиярдан жасалатын салаттармен бірге жеген дұрыс. 

Қиярдың құрамында С, В1, В2, Р дәрумендері, А провитамині, фосфор, кальций, магний, темір сынды хощ иістендіретін және минералды заттектер бар. Минералды тұздардың ішінен қиярдың құрамында көп кездесетіні - калий. Қияр жасұнығы ішектің қызметін жақсартады. 
Қияр - бүйрек, бауыр, жүрек-қан тамырлар ауруларынан, семіздік, полиартрит, тұз байлану ауруларынан зардап шегетіндер үшін пайдалы. Оның тәбетті жақсартып, өт айдайтын, зәр айдайтын, іш жүргізетін әсері бар. 

Сілтілі тұздар мөлшері бойынша қияр қара шомырдан кейінгі екінші орында. Ол тұздар зат алмасу процесін бұзып, ерте қартаюға, бауыр мен бүйректе тас жиналуына алып келетін көптеген тағам өнімдерінде кезедесетін қышқылды қосылыстарды жояды. Шомыр мен қиярды ағзамыздағы қышқылды қосылыстарды жоятын әсері үшін организм тазалаушысы деп те атайды. 

Қиярдың құрамында йод көп әрі ол ағзаға жеңіл сіңеді. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?