Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Астана қаласының тарихын білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Айғаным
17 Маусым, 16

Астана қаласының даму тарихы күллі мемлекеттің дамуымен тығыз байланыста. 1831 жылы қазіргі Қазақстанның солтүстік аумағы Ресей Патшалығының бодандығына өтті. Ол қазақ жерін көз тіккен жаулардан қорғау үшін жасалған еді. Ал 1832 жылы Есіл өзенінің оң жағалауындағы Қараөткел жерінде Акмолниск бекінісі тұрғызылды. Ол қазақ даласының оңтүстік шекарасын жоңғарлардан қорғау мақсатында тұрғызылған. Уақыт өте келе бекініс қала деңгейіне дейін кеңейді. Кейіннен қала атауы бүкіл аумаққа беріліп, Ақмола облыс орталығы болды. 

Қала ұдайы қарқынды даму үстінде болды. Қазір оның қалыптасқанынан бері 200 жыл уақыт өтпесе де , қала атауы бірнеше рет өзгерді: Акмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана. Акмолинск қала тарихын Ресей Патшалығымен байланыстырса, Целиноград Ресей құрамындағы Кеңестік кезеңмен байланыстырады. Ал бүгінде Ақмола облысы бидай өсіру жөнінен ең бай облыстардың бірі ретінде саналады. 1992 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң қаланың тарихи атауын жаңғыртылып, қазақша нұсқасымен Ақмола деп аталды. Ал қаланың кейінгі атауы бұл жерге мемлекет астанасын Алматыдан ауысқанда өзгерген еді. Өздеріңіз байқағандай, Астана қаласының тарихы - тұтас бір мемлекеттің аяққа тұру, даму тарихы. Қазір Астана әлемдегі ең жас астана болып есептеледі. 

Әлем бойынша категориясындағы басқа сұрақтар
1
Марлен
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең терең мұхит және оның тереңдігі қанша?

1
Жанат
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ штаб пәтері қай қалада орналасқан?

1
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең тұзды теңіз?

1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең үлкен теңіз қандай?