Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Арықтау үшін қандай диета ұстаған жөн?

Талқылау
Пікір
Күләш
21 Маусым, 16

Арықтауға арналған күріш емдәмі

Күріш - ағзаны тазалап, оны дәрімендер мен микроэлементтремен байытатын дәмді әрі пайдалы тағам. Оны әр түрлі тағамдық өнімдермен қосу арқылы түрлі тағам жасауға болады.

Күріш ағзадағы шлак, улы заттар, тұздар мен артық майды шығарады. Сол арқылы артық салмақатан арылуға көмектесіп қана қоймай, ағзаңыздың саулығына әсер етеді.

Күріш емдәмі арқылы жылдам арықтауға болады. Емдім ұстаған уақытта 2-ден 4 килограммға дейінгі салмақтан арыла аласыз. Алайда шектен шығуға болмайтынын естен шығармаңыз. Ол әлсіздікке алып келуі мүмкін.

7 күндік күріш емдәмі

Пісірілген не суда ұсталған күріштің 2 ас қасық мөлшерін таңғы асқа жеп, екі сағаттан кейін ғана су не алма шырынын ішу қажет. Бір аптаға созылатын күріш емдәмінде мұнан кейін тек 4 сағаттан кейін тамақтануға рұқсат етіледі. Ол қарапайым түскі ас болуы мүмкін. Бірақ дұрыс тамақтануға және тағам мөлшеріне мән берген жөн (көкөністер, пісірілген майлы емес ет, балық, жемістер). Ал кешкі асқа тағы да 2 ас қасық пісірілген не суда ұсталған күріш жеу қажет. Ұйқыға жатар алдында майсыз айран ішуге болады. Мұндай емдәмді жеті күннен артық ұстауға болмайды.

3 күндік күріш емдәмі

3 күндік күріш емдәмі үшін 400 г қоңыр күрішті көп суда пісіріп алып, оны 5 порцияға бөліңіз. Арасындағы үзілісте газдалмаған су (күніне 2 литрден кем емес) және көк шай (4 шыныдан көп емес) ішу керек. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?