Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Күз туралы шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Дінмұхамед
17 Маусым, 16

Жаз аяқталып, өз кезегін сарғайған алтын күзге берді. Көктемде бүр жары, жазы бойы жайқалған көк майсаның барлығы өмірінің белгііл бір межесіне жетіп, еңселері түсіп, саруайымнан сарғайып жатыр. Олардың уайымын бөліскендей ме, әйтеуір жылауық кұз де көз жасын сығып-сығып алады. Бәлкім, олардың бойын кернеген өкпе-наз, реніш-уайымды жуып-шаймақ па екен. Не десе де алтындай жалтырап жатқан даланың да самарқау сықырлай салар әні, өзіне ғана мәлім сыры бар.

Алтын түске боялған күзде қоңырау қайта соғылып, балалар мектеппен қауышады. Оқу оуға жасы жеткен бүлдіршіндер алғаш рет мектеп табалдырығн аттап, білім нәрімен сусындатар бастауға бас қояды. Ұстаздар да алдарындағы кіп-кішкентай ғұмыр иелерінен таудай тұлға сомадауды ниет етіп, әрқайсысына үміт көзімен қарайды.

Оқушылар біліммен сусындап, өмірінің жаңа баспалдағын басып жатса, аспанда құстар қимай ән салып, алыс жақтарға ұзап барады. Қыстағы тіршілікке қамданған тірі жан иелерінің бәрі қыбыр-жыбыр тіршілігін тоқтатар емес. Адамдар да егін орып, астық жинап, қылышын сүйреп келер қыстан шығудың қамын жасауда. Жапырақтар судырлаған осынау самарқау мезгілде кеудесінде жаны бардың барлығы қызу тіршілікке кіріскен. Оларға қарап тұрып, табиғат та келер көктемде қайта дүр сілкініп, қайта құлпырарын сезгендей еріксіз жымиып, тіршілікке мейірімін төгеді.

Ауа райының суытқанына қарамастан, күннің әлі де өз шуағымен барша адамзатты жылытқысы келетінін байқауға болады. Көгілдір аспанда бұлттар жоқтың қасы. Тек қыркүйектің келіп қалғанын суық жел еске салып отыр. Жасыл шөптің арасынан қызыл-сары жапырақтарды байқауға болады. Жуырда айналаның барлығы дәл осындай жапырақтармен көмкерілмек. Құстар қанат қағып жылы жақтарға кетуге дайындалып жатыр. Десе де, әзірге олардың шықылдаған үндерін әлі де естіп қалуға болады.

Жауын-шашын көп болмаса да, аспан бұлтты күндердің ауылы алыс еместігін білдіріп жатыр. Жауған жаңбырды күн бірден өзіне сіңіріп алып кетіп жатыр. Ал таңертең ауа райы суық. Аспан бұл уақытта таза, мөлдір. Жел күнді бұлттардан қызғанып жүрген сыңайлы. Үйіріле бастаса, қатты соғып, күннің бетін тазалап қояды. Жапырақтармен бірге жидектер де қызарып жатыр. Осы жидектер желмен бірге тербеліп, құстарды өздеріне еліктіре түсіп жатыр. Ал ауадағы тәтті иісті сөзбен сипаттап жеткізу мүмкін емес. Табиғат ана күзде қызыл-сары көйлегін киіп әлек. Құдды қаһарлы қыстың алдында әдемі киімін көрсетіп алайын дегендей. Қыбырлаған жәндіктің өзі қысқа азығын жинап, ұзақ ұйқыға кетудің қамын жасап жатыр. Олардың жүрісінің өзі күздің келіп қалғанын еске салады.

Ауылдағы әжелеріміз немерелері мен балаларына арнап жылы киімдер мен шұлықтар тоқып жатыр. Дәл мұндай ауа райында жылы көрпешеге оранып алып, ыстық шай ішкенге не жетсін?!

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?