Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Күріштің денсаулыққа пайдасы қандай?

Талқылау
Пікір
Айгерім
17 Маусым, 16

Күріштің пайдасы

Күріш дәнінің 8%-ы ақуыздан тұрады. Алайда оның құрамында аллергия тудыратын глютен өсімдік негізді ақуыз жоқ. 

Күріштің құрамының 78%-ы көмірсулардан тұрады. Олар ұзақ уақыт күш-қуатты қамтамасыз етеді.

Күріште өзге өнімдердің құрамындағы тұздың организмге әсерін жоятын калийдің көп мөлшері кездеседі. Ал күріштің өз құрамындағы тұздың мөлшері өте аз, сондықтан оны бүйрек және жүрек-қан тамыралар ауруларынан зардап шегетін адамдарға тұтынуға кеңес беруге болады.

Сонымен қатар  күріштің құрамында жүйке жүйесін нығайтуға сеп болып, адам ағзасына түскен тағамдық заттардың күш-қуатқа айналуында маңызды рөл атқаратын фосфор, цинк, кальций, темір, йод және В-В1 (тиамин), В2 (рибофлавин), В3 (ниацин), В6 топтарының дәрумендері бар.  

Ал күріш құрамында кезедсетін жасұнықтың да мөлшері төмен: қоңыр күріште - 4,5%, ақ күріште - 3%. 

Құрамындағы жасұнық мөлшері аз болғандықтан, күріш организмде жеңіл сіңіріледі. Сондықтан ол емдәмдік аста кеңінен қолданылады. Ал ақ күріштің құрамындағы крахмал баяу қорытылып, тарайды. Сол себепті қанға үнемі глюкоза түсуін қамтамасыз етеді. 


 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?