Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Арықтау үшін қандай дәрі-дәрмектер ішкен жөн?

Талқылау
Пікір
Айдана
20 Маусым, 16

Көптеген арықтауға арналған дәрі-дәрмектердің аңдатпасында құрамындағы заттардың толық тізімі жазылмаған. Ал олардың құрамындағы қауіпті химиялық қосылыстарды лабораториялық талдау нәтижесінде ғана анықтауға болады.

"Нәтижелі семіздіктен арылуды" уәде ететін таблеткалар мен капсулалар құрамында тәбетті басатын ынталандырушы не ағзадан артық сұйықтықты шығаратын әлсіз несеп айдатқы бар. 

Мұндай таблеткалар салмағыңызды төмендетіп, көлеміңізді кішірейткенімен артық майдан арылуға сеп болмайды. 
Көптеген жағдайда сіз дәрі ішуді тоқтатқан уақытта салмағыңыз бұрынғы қалпына келеді. Арықтауыңызды уәде ететін мұндай дәрі-дәрмектердің жанама әсері де аз емес. Оның салдарынан адамның қан қысымы көтерілуі, миға қан құйылуы, жүрек ұстамасы мен қалқанша безінде қиындықтар пайда болуы мүмкін.
Ал құрамында мына заттар кездесетін дәрі-дәрмектердің қауіптілігі аса жоғары:
  • амфетаминдер;

  • қылша, итшомырт, піштен;

  • құрамында  тиратрикол, күшті тироидті гормон бар биологиялық белсенді қоспалар.
Арықтаудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік екенін естен шығармаңыз. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?