Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Лимонның бет терісі үшін пайдасы қандай?

Талқылау
Пікір
Бақыт
20 Маусым, 16

Лимонның бет терісі үшін пайдасы

Лимон шырыны құрамындағы қышқылдар себепті ағартатын әсерге ие. Ол секпілдер мен терідегі дақтарды теріге зиянын тиігзбей ағарта алады. Оған қоса лимон майлы теріні құрғатып, оны тазалайды. Құрамында көптеген дәрумендер кездесетін лимон шырыны теріні нәрлендіріп, серпінділік береді.

Лимоннан жасалатын бет терісіне арналған маскалар

  1. Теріні ағарту үшін мына масканы қолданады: лимон жұмсағын үккіштен өткізіп, оған ұн қосып, араластырамыз. Қоспаны бетімізге жағып, 15 минут ұстаймыз. Бірақ масканы жақпас бұрын терінің құрғауының алдын алу үшін бетке майлы иісмай жағу керек. Процедура соңында бетіңізді қайнаған жылы сумен жуыңыз.
  2. Бет терісін ағарту үшін лимон шырынын сумен араластырып, бетке жағуға болады. 
  3. Майлы тері құрғап, терідегі саңылаулар кішірею үшін лимон шырыны, ақуыз, геркулеспен жасалатын масканы қолдану қажет. Ол үшін ұнтақталған сұлы жармасының 2 ас қасық мөлшерін, шайқалған ақуыз бен бірнеше тамшы лимон шырынын араластырып, бетке 2 қабаттап жағу керек. 20 минуттан соң бетіңізді лимон шырыны қосылған сумен жуған жуу қажет.
  4. Безеулерден арылу үшін оларды лимон шырынымен күйдіреді. Нәтижесінде ісік құрғап, тез басылады.
  5. Бос тері қалпына келтіруге арналған лимон шырынынан жасалатын маска: майлы иісмайдың 1 ас қасық мөлшеріне дәл осындай мөлшерде лимон шырынын және жарты қасық қаймақ қосамыщ. Оны бетке жағып, 20 минут ұстаймыз. Процедура соңында бетті маскадан косметикалық қалақшаның көмегімен тазалап, артынша сумен жуу қажет. 

Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?