Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Газдалған сусынның зиянды екені рас па?

Талқылау
Пікір
Дулат
28 Маусым, 16

Әр газдалған сусынның өз қышқыл-тәтті негізі болады.Оның құрамында әлдеқандай мөлшерде қант және қышқыл бар. Қант - бұл таза сөмірсу. Қанттың 1 граммы 3,85 ккал бөледі. 100 мл пепси-колада 57,74 ккал, ал кока-колада 42 ккал бар. 

Ең танымал қант  алмастырғыш - аспартам (нутрасвит). Аспартам - бұл ақуыз. Кей адамдардың бұл ақузға аллергиясы болуы мүмкін. Басқа да қант алмастырғыштар: сахарин, суннет (калий ацесульфаты), цикломат.

Тіс

Тәтті газдалған сусындар семіздік пен қант диабетінен бөлек, тісжегі пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл ретте тек қант пен тәттілендіргіштер ғана емес, қышқылдар да әсер етеді. Қышқылдар тіс кіреукесіне жұқартады. Ал кез-келген газдалған сусынның құрамында қышқыл бар.

Сүйектер 

Көбіне газдалған сусындарды жасау үшін лимон не алма қышқылын қолданады. Кейдк ортофосфор қышқылы қолданылуы мүмкін. Құрамында ортофосфор қышқылы бар сусындарды ішкенде, ол сүйекте кальцийді шайып өтеді. Кей жағдайларда ол сүйек тінінің әлсіреуіне апарып соғып, сүйек тез сынғыш болады.

Кейде қышқыл атауының орнына сандық код жазады. Лимон қышқылы - Е330, ортофосфор қышқылы - Е338.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?