Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әбілқайыр хан несімен әйгілі?

Талқылау
Пікір
Берік
27 Шілде, 16

1738-1741 жылдары қазақ жасағы Абылай ханның басшылығымен және Ресей империясының қолдауымен жоңғарларға ойсырата соққы берді. 1741 жылы Абылай хан жоңғарлардың қолына түсті. Тарихи деректерде Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігіне Абылай ханды босатуға көмек беруін сұрағаны жайлы дерек келтіріледі. Ол 1743 жылдың 5 қыркүйегінде Орынбор губернаторы И.И.Непплюевтің араласуымен болған еді. 1743 жылы қарақалпақтар Елизавета Петровнаға адалдық танытуға уәде береді. Оған жауап ретінде Әбілқайыр хан қарақалпақтарға шабуыл жасап, оларды өзге жерге қоныс аударуға мәжбүрлейді. 1740 жылдың екінші жартысында Әбілқайыр хан жоңғарлармен тізе қосып, бірнеше рет Ресей жеріне шапқыншылық жасады. 

Нұрдос
04 Шілде, 16

1718 жылы Тәуке хан дүниеден өткен соң Қазақ хандығы Ұлы, Орта және Кіші жүздерге бөлініп, Әбілқайыр ханды Кіші жүздің ханы сайлайды. 1722 жылы Жоңғарлар Ресе империясымен келісім жасасып, қазақ даласына шапқыншылық жасамақ болады. Осы тұста Әбілқайыр хан өзін мықты әскербасы ретінде көсрете білді. 1726-1730 жылдары жоңғарларға қарсы үш жүздің басын біріктіреді. Оның басшылығымен 1730 жылы Аңырақай жерінде жоңғар қолын ойсырата жеңеді. 1730 жылы Әбілқайыр хан сұлтандар мен кіші жүздің беделді адамдарының қолдауымен императрица Анна Иоановнадан жоңғарлардан қорғануға көмек сұрап, оларға қарсы әскери одақ құруды ұсынады. 1731 жылдың 10 қазанында Орта және Кіші жүз өкілдерінің съезі өтіп, Әбілқайыр хан мен елші А.И.Тевкелев Әбілқайырдың құзырындағы адамдарды Ресей Империясының қол астына өтуге көндіреді. Сонан кейін Әбілқайыр хан, Бөгенбай, Есет, Құдайназар-мырза батырлар және 27 ықпалды адам императрицаға адал болуға Құранмен ант етеді. Бұл келісім қазақ жерінің Ресейге қосылуының бастамасы болды. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?