Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тауықты пеште қалай пісіру керек?

Пеште піскен тауық рецепті
Талқылау
Пікір
Перизат
29 Маусым, 16

Пеште пісірілген картоп қосылған тауық

Қажетті заттар:

  • тауық - 1,6-1,8 кг
  • картоп - 1 кг
  • сарымсақ - 2 бас
  • тауық сорпасы - 100 мл
  • лавр жапырағы - 6 дана
  • гүлшетен - 2 бұтақша
  • лимон - 1 дана
  • сары май - 2 ас қасық
  • тұз
  • қара бұрыш
Дайындалуы:
  • Сарымсақтарды екіге бөліңіз. Лимонды бөлшектеп тураңыз. Картопты тазалап, 2 не төрт бөлікке бөліңіз.
  • Тауықтың іші-сыртын қағаз майлықпен құрғатып алыңыз. Тұз бен бұрыш себіңіз.
  • Пештк 160 градусқа қыздырыңыз. Пісіруге арналған қалыпты сары маймен майлап, қалған майды тауықтың төсіне жағыңыз. Тауықты пісіруге арналған қалыпқа салып, айналасына картопты қойып, сарымсақ бөліктерін қосып, тауық сорпасын құйыңыз.
  • Пісіруге арналған қалыпты жұқалтырмен жауып, пешке 1 сағатқа қойыңыз.
  • Жұқалтырды алып, картопты ақырындап араластырыңыз. Қалыпқа гүлшетен жапырақтары мен лимон бөліктерін салып, тағы да пешке 50 минутқа қойыңыз.
  • Пештің қызуын 220 градусқа көтеріп, тауықты тағы да 30 минут пісіріңіз.
Астарыңыз дәмді болсын!
Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
2
Толқын
7 жыл бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

2
Майгүл
7 жыл бұрын пайда болды

"Цезарь" салатын қалай жасайды?