Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Суды тұрып ішу зиян екені рас па?

Талқылау
Пікір
Зарина
01 Шілде, 16

Алланың Елшісі (с.а.у.) бірнеше хадисінде суды тұрып ішуден тыйғандығы айтылады. Атап айтсақ сахаба Әнәстың сөзіне қарағанда: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) (суды) тұрып ішуден қайтарған[1]. Әбу Һурайрадан риуаят етілген тағы бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз: «Ешкім тұрған күйде су ішпесін! Кім ұмытып ішкен болса құсып тастасын!», - дегені тағы бар. Бұл жердегі «құсып тастасын» деген сөз бұйрықты білдірмегендіктен, ішкен суын құсып тастауы міндет емес[2].

Бұнымен қатар, Пайғамбарымыздың өзі тіке тұрып су ішкендігі де сенімді деректерде келген. Мәселенки, Сахих Бухариде келген хадисте Әзіреті Али беті-қолын жуып, артылған суын тұрған бойы ішеді де былай дейді: «Шынында адамдар тұрып тұрып су ішуді дұрыс көрмейді. Дегенмен Алла Елшісі жаңа ғана менің істегенімдей істеген еді (тұрған бойы ішкен еді)» [3] - дей отырып тұрған күйі су ішудің де рұқсат екендігін баса айтады. Сондай-ақ, сахаба Абдулла ибн Омар: «Біз Пайғамбарымыздың көзі тірісінде жүріп бара жатып тамақ жейтінбіз және тұрып су ішетінбіз!»[4], - деген.

Осы хадистерге қарай отырып айтарымыз, Пайғамбарымыздың суды тұрған күйі ішуі бұл әрекеттің рұқсат екендігін көрсетсе, ал одан тыйғаны отырып ішудің абзал екенін білдіреді. Сондықтан, мүмкін болса отырып су ішкенді дағдыға айналдырған дұрыс. Олай болған себебі, отырып су ішу – адамның бойына, тұрып ішкендегі суға қарағанда сіңімдірек екендігі қазіргі ғылымда да айтылады. Егер адам отырып су ішсе, ішкен суы әуелі асқазанда тұрақтап, ондағы қышқылдықпен араласып судағы түрлі бактериялар өледі де, су таза күйінше ас ішекке өтеді. Бұл болса «тырысқақ» сынды түрлі жұқпалы ауруға шалдығудан сақтайды деседі мамандар.

[1] Муслим, әшриба - №2024-хадис.
[2] Муслим, әшриба - №2026-хадис. Имам Нәуәуи шархы.
[3] Бухари, әшриба -№5293-хадис.
[4] Асқалани, Фатхуль Бари - №5293-хадис түсіндірмесі.

Абдусамат Қасым

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?