Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ағарған шашты емдеуге бола ма?

Талқылау
Пікір
Шырай
04 Шілде, 16

Ағарған шашты емдеуге арналған маскалар

1-маска. Күнжүт және зәйтүн майларын 1:1 мөлшерде бөтелкеде араластырып, қоспаны шашыңызға жағыңыз. Бұл маска шаштың ұзын, қою қара, қалың әрі жылтыр болуына көмектеседі. Сонымен қатар шаштың ағаруы мен түсуіне қарсы әсері бар. 

2-маска. Суды қайнатып, 4 ас қасық құрғақ сәлбен қосыңыз. 2 сағатқа қалдырыңыз. Қайнатпаны суытып, сүзіп алыңыз. Оған 25 мл глицерин, бірнеше тамшы Е дәруменінің майын қосыңыз. Жақсылап араластырып, уақалау арқылы бас терісіне жағыңыз. Артынша жуып тастаңыз. Масканың нәтижелілігі үшін күнделікті жасаған жөн.

3-маска. 2 шыны кокос майын қайнатып алып, оған бірнеше тамшы бадам майы мен бөрітарақтың бірнеше жапырағын, 1 шай қасық бойдана ұнтағын қосыңыз. Қайнатпаны суытып, сүзгіден өткізіп, шыны құтыда сақтаңыз. Шаштың түсін жақсарту үшін аптасына 2-3 рет бас терісіне жағыңыз. 

4-маска. Сиыр сүті майымен бас терісі мен шашты аптасына 2 рет уқалаңыз.

5-маска. 1 стақан қара шайға 1 ас қасық ас тұзын қосып, араластырыңыз. Масканы уқалау арқылы бас терісіне жағып, 1 сағат ұстаңыз. Процедураны 10 күнде 1 рет жасаңыз.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?