0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Фев, 16 от Асия в категории Кино мен ТВ
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Әлия есімді қыз туралы үнді телехикаясы қазақ тілінде "Әлия"", орысша нұсқасы "Бесконечно люблю", ағылшынша нұсқасы "Beintehaa" деп аталады. 

Телехикая бір кездері бірге ойнап, бірге балалық шағын өткізген Әлия мен Зейін өміріне негізделеді. Екеуі ержетіп, әркім өз өмірін сүреді. Әлия Сауд Арабия азаматы Зишанға тұрмысқа шықпақ. Бірақ ол өзінің болашақ жарын ешқашан көрген емес. Ержеткен Зейінде кездейсоқ жолықтырып қалып, оны күйеу жігіті екен деп қалады. Жас жігіт жағдайды пайдаланып, балалық шақтағы еркеліктері мен бұзақылықтары үшін өш алмақ болады. Бірақ оның өтірігі ашылып қалып, Әлия Зишанға тұрмысқа шығуға дайындала бастайды. Онымен қоймай, қыз полиция қызметкерін шақырады. Алайда, олардың тағдыры ертеректе шешіліп қойған сияқты...

Телехикаядағы басты рөлдерді Харшад Арора, Притика Рао, Мохит Малхотра сомдайды.

ответил 17 Фев, 16 от Жадыра