0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Фев, 16 от Перизат в категории Сән және сұлулық

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Жылдам арықтау үшін кеңестер:

- Спорттық тамақтану мамандары ең алдымен майлы тағамдарды тұтынуды барынша азайту керектігін айтады. Ол тәулігіне 25 граммнан аспауы керек дегенді аңғартады. Шындығында, мұндай мөлшер ағзамыз үшін өте аз әрі зиянды, сондықтан аталмыш диетаны ұзақ ұстануға болмайды. Бірақ 3-4 апта көлемінде осы әдісті қолданып көрсеңіз, денсаулығыңызға кері әсер етер ештеңе бола қоймас.

Тұтынатын тағамдарыңыздың мәзірінен еттен жасалған тағамдардан бастап, шұжық, жұмыртқаның сарыуызын, зәйтүн майын, жануар майын, маргарин, жаңғақтар, кез-келген тәттілер, тәтті нандар, торт және құрамында май шамадан тыс мөлшерде кездесетін тағамдарды алып тастағаныңыз жөн. Дәріханадан балық майын сатып алып, күн сайын таңертеңгісін бір қасықтан қабылдап отырыңыз. Бұл сіздің бір күндік нормаңыз болады. Егер балық майын ұнатпайтын болсаңыз, базардан жаңа сығылған өсімдік майын сатып алып, күніне бір қасықтан ішуіңізге болады.

- Ет және майдан басқаның бәрі  көмірсу болып табылады. Жемістер, бал, кәмпиттер, тосап пен ботқа, көкөністердің барлығы - көмірсу көзі. Бірақ, көмірсулар да әртүрлі болады: тәтті (қант, бал) немесе мүлдем тәтті емес (қияр, сұлы жармасы). Тәтті көмірсулардан оттан қорыққандай қорқыңыз! Тәтті тағамдар инсулин гармондарының секрециясының қарқынды жүруіне әсер етеді. Дәл соның өзі теріасты майларының қалыптасуына жауап береді. Инсулин қаншалықты жиі әрі көп бөлінсе, өзің де соншалықты толыса түсесің. Ал күріш пен сұлы жармасының ондай зияны жоқ. Десе де, осы тұста кәдімгі сүт аяғыңыздан шалуы мүмкін. Ол тәтті болмаса да, құрамында "қауіпті" лактоза қанты бар. Сүт пен сүт өнімдерін әзірге тұтынбағаныңыз дұрыс.

- Қалауыңыздағы пішінге қол жеткізу үшін, өкінішке орай, тек диетаның көмегі аз. Арықтау үшін қозғалыс, аэробика керек. Қаншалықты дейсіз бе? Аптасына 5-6 реттен кем емес. Ең тиімді әдіс мынадай: бір сағаттық сессияны таңертеңгілік және кешкілік жарты сағаттық екі  сессияға бөліңіз. Тамырдың соғуы ең жоғары деңгейдің 90 пайызын құрауы тиіс. Өзіңіздің тамыр соғысыңыздың деңгейін анықтау үшін, 220 коэффицентінен өз жасыңызды шегеріп, 0,8-ге көбейтіңіз. 

- Ақуыз - бұлшықеттеріңіздің қорегі. Олар бүрісіп қалмас үшін,  ақуыз тұтынуыңыздың тәуліктік мөлшерін денеңіздің салмағының әр килограммына 1,6 граммнан қосыңыз. Мәселе біздің дәстүрлі ет тағамдарымыздың құрамында майдың өтек көп кездесуінде жатыр. Не істесек болады? Тығырықтан шығу үшін, ұнтақты протеинге көшіңіз. Таңертең өзіңіздің тәулітік мөлшеріңізді өлшеп алып, коктейльді суда ерітіп, термосқа құйып алыңыз. Коктейльді бір күн ішінде арасына 2,5-3 сағат сала отырып 5-6 рет ішіңіз. Аптасына екі рет буға пісірілген немесе суға пісірілген балық жегеніңіз дұрыс. 

ответил 18 Фев, 16 от Дильназ
редактировать 18 Фев, 16 от Мейрамгуль
0 интересует 0 не интересует

Жылдам арықтаудың тексерілген әдісі - ағзадағы артық судан арылу. Су натрийдің арқасында ағзамызда тұрақтайды, ал бұл тұзды аз тұтыну керектігін білдіреді. Нақтырақ айтқанда, тұздан мүлдем бас тартыңыз. Сөз тек тұздалған қияр мен тұздалған балық турасында емес. Тұз майонезде, кетчупте, қышада, тұздықтар мен дәмдеуіштерде көптеп кездеседі. Оның үстіне натрий қосындыларын көп тағамдарға консервілеу нәтижелілігі үшін қосады. Мысалы, қытырлақ картоптарға. Жапсырмақағазына мұқият назар салыңыз, себебі құрамында натрий тұзы кездесетін тағамдарды сізге мүлде тұтынуға болмайды. Үйде де ешқандай тамаққа тұз салмаңыз. Тұздан мүлде бас тарту 4 килограмм салмақтан арылуыңызға жол береді. 

ответил 18 Фев, 16 от Мадина
редактировать 18 Фев, 16 от Мейрамгуль