Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бексұлтан Нұржекеев деген кім?

Талқылау
Пікір
Жадыра
27 Шілде, 16

Бексұлтан Нұржекеев 1941 жылы 22 ақпада Талдықорған облысы Ақжазық ауылында дүние есігін ашқан. 1965 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. 1965-1968 жылдары мұғалім, Панфилов ауданы Үшарал орта мектебінле оқу ісі бойынша меңгеруші қызметін атқарған. 1972-1976 жылдары "Жалын" альманахы, "Жұлдыз" журналының бөлім меңгерушісі, 1976-1986 жылдары "Жалын" баспасының бас редакторының орынбасары, бас редакторы, 1989 жылы "Парасат" журналының бас редакторы болып қызмет еткен. 1992 жылдан "Жалын" баспасының директоры болған.

Оның алғашқы повесі "Кінәлі махаббат" деген атаумен 1968 жылы "Жұлдыз" журналында жарық көрген. Ол - "Күй толғақ" (1972), "Күтумен өткен ғұмыр" (1974), "Бір ғана махаббат" (1982),  "Өзендер өрнектеген өлке", тарихи- этнографиялық эссе (1984), "В ожидании", (1985), "Ерлі-зайыптылар" (1987), "Бейтаныс әйелдің құпиясы" (2002), "Әйел жолы – жіңішке" (1998) және де басқа әңгімелер мен повестердің авторы. Оның 2002 жылы жарық көрген "Ойұшқын" жинағына Әсет, Сара, Төребай ақындар, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар жөніндегі эсселері енген. Ал "Өнер құдіреті" (2003) кітабында К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев және де басқа өнер қайраткерлері жайлы жазылған. 

Бексұлтан Нұржекеев "Құрмет" (2000), "Парасат" (2008) ордендерімен және "Еңбектегі ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталған.

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?