Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Беттегі дақтардан қалай арылуға болады?

Талқылау
Пікір
Шырай
28 Шілде, 16

Үй жағдайында беттегі секпілден арылуға көмек беретін маскалар

1. Қарақат маскасы. Оны жасау үшін бір ас қасық бал мен толық піспеген қарақаттың бір ас қасық мөлшері қажет. Өнімдерді жақсылап еіп, араластырып, беттің секпіл бар аймағына жағу қажет. Масканы бетте жарты сағат ұстап, артынша жылы сумен жуынып, бетті лимон шырыны ерітіндісімен шаю керек.

2. Картоп маскасы. Шикі картопты үккіштен өткізіп, бірнеше тамшы өсімдік майы, бір ас қасық сүт және бадам кебегін қосып, жақсылап араластырамыз, Дайын болған қоспаны тазартылған бет терісіне жағып, 15-20 минут көлемінде ұстаймыз.

3. Балық майы мен бал маскасы. Бал мен балық майын бірдей мөлшерде алып, араластырып, бет терісіне жағыңыз. Масканы бетте 15 минут ұстау қажет.

4. Секпілге қарсы сұлы "сабыны". Сұлы жармасын еттартқышпен әбден ұсақтап, капрон шұлыққа салып, жақсылап түйіп қою қажет. Мұндай "сабынды" жуынғанда сабын орнына қолданыңыз.

Еңлік
28 Шілде, 16

Үй жағдайында беттегі секпілден арылуға көмек беретін маскалар

Халық емінде секпілден арылудың түрлі әдіс-тәсілдері бар. Ал оған қажетті заттар әр үйден табылары анық.

1. Ақжелкен. Терідегі қиындықтардан арылуға себін тигізетін тамаша дәрі деуге болады. Әдетте ақжелкеннің бір бумасы мен 1 литр ыстық судан жасалған тұнба қолданылады. Ақжелкенді ұсақтап, ыстық су құйып, 3 сағатқа қойып қояды. Тұнбамен таңертең және кешке беті сүрту қажет. 

2. Лимон шырыны - теріні ағартып, секпілден тазартуға көмектесетін ең жақсы әрі тиімді құралдардың бірі. Бір ас қасық лимон шырынына 10 ас қасық су құйып, дайын болған ерітіндімен бет терісін күніне бірнеше рет сүрту қажет. 

3. Қияр шырыны - бет терісін ағартып, жаңа серпін береді. Оған қоса қияр қабығын да қолдануға болады. 50 грамм қияр қабығына 1 стақан су құйып, қайнату қажет. Қайнатпаны 6 сағатқа қалдырып, уақыт өткен соң қолдануыңызға болады. 

4. Сүт өнімдері секпілден арылуға көмектеседі. Айран, сүт сарысуы, йогуртқа дәкені малып алып, оны бетіңізге басып қойыңыз. Процедура 15 минутқа созылады.

Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Асия Бердибаева
4 жылы бұрын пайда болды

Ақжелкенді үй жағдайында денсаулыққа, бет күтіміне пайдалану жолдары

0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?