0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Фев, 16 от Фархат в категории Қоғам және саясат

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Мұсылмандар үшін апта күндерінің ішінде жұма ерекше мәртебеге ие. Бұл күні адамдардың жаппай аса маңызды әрі салмақты іске дайындығын байқауға болады. Әсіресе, ол мұсылман елдерінде айрықша көзге түседі. Тазаланып, мерекелік киім киіп, жүздері жарқыраған адамдар бұл күнге ерекше мән беріп, аса бір қуанышпен жұма намазына барады. Жұма намазының міндеттілігі Құранның "Ей иман келтіргендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауданы қойыңдар. Бұл өздерің үшін жақсы, егер білген болсаңдар" (Жұма: 9) аятымен бекітілген. Ал Ибн Омар (Алла оған разы болсын) жеткізген: «Адамдар жұма намазын тастауларын доғарады не Алла олардың жүректеріне мөр басады, сөйтіп олар мүлде хабарсыз болады” хадисінен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл күнді жоғары бағалағанын аңғарамыз. Жұма намазына қатысу - сапарда жүрген мұсылмандардың өзгелерінің бәріне парыз. Бұл үкім ер адамдарға қатысты. Ал әйел адамдардың үйде оқыған намазы ең абзалы болып саналады. Хазіреті Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисінде: "Әйелдің үйде намаз оқуы аулада оқығаннан жақсырақ, аулада оқығаны мешітте оқығаннан жақсырақ", - делінеді. Бұл әйел адамның мешітке баруына тыйым салу емес, тек әйел затының өзгелердің көзіне түспей, өз үйінде оқыған намазы абзалырақ екенінен хабардар етеді. 

ответил 18 Фев, 16 от Қыдырбек