0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Фев, 16 от Тасболат в категории Қоғам және саясат
редактировать 18 Фев, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует
Мемлекетімізде қазақстандықтар мен оралмандарға тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімінің тегін берілетінінен біріміз хабардар болсақ, көбіміздің хабарымыз жоқ. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабының 2-тармағының 2-тармақшасы мен Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысының 2006 жылдың 1 тамызында бекітілген №726 "Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру Ережесiнде" әр қазақстандыққа 10 сотық жер телімін тегін алу құқығы бекітілген.

Жер телімін алу үшін облыс,қала, аудан, ауыл әкімшілігіне өтініш жазу керек. Өтініште жер телімін пайдалану мақсаты мен оның болжалды көлемі, орны көрсетілуі тиіс.

Жер телімін алу үшін тапсырылатын құжаттар саны екеу ғана: жеке куәлігіңіздің көшірмесі мен атыңызда басқа жер телімінің бар не жоқ екенін растайтын анықтама қағазы.

Өтініштің жалпы қаралу мерзімі екі айдан аспайды. Бірақ оған жерге орналастыру жобасын құру (жер аумағын өлшеу, жер теліміне тыйым салынбағандығын тексеру және т.б.), келісім, жер телімінің шекарасының бекітілу мерзімдері кірмейді. Бұл қызметтердің барлығын өтініш беруші өз қалтасынан төлеуі тиіс.

Әкімшілік тап осы уақытта көрсетілген ауданда коммуникация жүргізілмеген жағдайда, өтініш берушіні кезекке қойып, уақытша қабылдамауға құқылы.
ответил 18 Фев, 16 от Сағындық
редактировать 18 Фев, 16 от Мейрамгуль