Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

КВН-ге арналған қандай әзілдер бар?

Талқылау
Пікір
Шапағат
02 Тамыз, 16

КВН-ге арналған әзілдер

- Сүйіктім, маған дейін біреуді күтіп пе едің?

- Әрине, ауылдағы сиырымды.

***

- Егер күтуді доғарсаң, күткеніңе қол жеткізесің.

- Хогвартстан хат алуға болады ғой?

***

Ұялы телебонның себебінен пәтердегі тарақандар жоғалды деседі. Енді масалардан құтқаратын ұялы телефон күтудемін.

***

Мектеп ата-аналарды қандай халге жеткізген? Олар жазғы демалысқа балаларынан бетер қуанады.

***

Мен бақыт ақшада деп айтқым келмейді. Бірақ Швециядағы үй мен спорткар мені дәл қазір-ақ бақытты етер еді.

***

Біреудің қалтасындағы ақшаны санау жақсы емес деседі. Біздің ақшамыз шенеуніктердің қалтасында болса қайтеміз?

***

"72 сағаттық қорғаныс" дейтін дезодорант жарнамаларына тыйым салу керек. Себебі оған сенетін және сол күйінде қоғамдық көлікте жүретін адамдар бар.

Иманғали
02 Тамыз, 16

КВН-ге арналған әзілдер

Оператор: Жұлдызшаны басыңыз. Абонент: Жұлдызша - бұл түкті нүкте ме?

***

Ғаламтор уақыт машнасы іспетті. Мұнда Петросянның келер жылы ойлап табар әзілдерін оқуға болады.

***

Несие деген - ақша мүлдем жоқ емес, жоқтан да аз деген сөз.

***

Ендігі гринпистіктер азаматтардан айфонын тартып алып, ұсталған покемондарды еркіндікке жіберетін болады.

***

- Әйелдер арасында достық болмайды. Ол - өтірік.

- Әйел мен еркек арасында да достық бола алмайды. Қорытынды, әйелдерде дос бола алмайды.

***

Мен покемондарды іздемеймін. Оған уақытым жоқ. Одан да ақша табу жолдарын іздеуім керек.

***

Базарда: - Қымбаттым, ішік сатып ал! Ант етемін, жас дермантиннің терісі!

***

Егер адамдарға дәл өздеріндей қарым-қатынаста болсаң, олар ренжиді.

***

Кей ер адамдар мақтанышпен "Мендей адам жалғыз!"- дейді. Оларға қарап үлкен қуанышпен: "Құдайға шүкір!" - деймін.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
1 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?