БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тұмауды қалай тез емдеуге болады?

Талқылау
Пікір
Аида
19 Ақпан, 16

Тұмаудан тез айығу үшін 6 кеңес:

- Жұмысыңызға хабарласып, сырқаттанып жатқаныңыздан хабар беріңіз. Мүмкін болған жағдайда, бірнеше күн төсекте жатып, емделіңіз. Жұмысыңыздан сұрана алмасаңыз, бәрі-бір уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін алуға тырысыңыз. Ұйқы мен демалыс уақытында иммундық жүйеңіз ағзаңызға шабуыл жасаған вирустармен табиғи жолмен күреседі.

- Сұйықтықты көп ішіңіз. Алкогольді сусындардан бас тартыңыз. Алкоголь ағзаңыздың ауырумен күресу қабілетін төмендетеді. Су және құрамында пайдалы дәрумендер мен нәрлі заттар бар шырындарды ішіңіз.

- Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ бірден дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Дәрігерден амантадин, ремантадин сынды дәрілер рецептін алыңыз. Бұл дәрілер тұмаудың кей түрлерін емдеуге мақұлданған. Сонымен қатар, ағзаңызды тұмауды жұқтыруға ықпалы бар вирустардан қорғауға арналған дәрі-дәрмектерді де қолданып көрсеңіз болады.

- Дәрігеріңіз ұсынған дәрі-дәрмектерді белгіленген уақыт ішінде уақытылы қабылдауыңыз. Ауру нышандары бәсеңдегендеп, өзіңізді ауырудан айыққандай сезінсеңіз де, дәрі қаблдайтын уақытты қадағалап, дәрігердің кеңестеріне құлақ асыңыз.

- Тауық сорпасын ішіңіз. Бұл әжелеріміз кеңес ететін ескі де болса, нәтижелі емделу тәсілі. Тауық сорпасы қалтырауыңызды басып, тұмаудан айығуыңызға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, тамағыңыздың тітіркенуін азайтады.

- Тұмаудан емделіп, тыңысыңыз тарылмас үшін ауа ылғалдатқышты пайдаланыңыз. Бөлмеңіздегі жылы әрі ылғал ауа жеңіл тыныстауыңызға жол беріп, жөтел мен кеудеңіздегі сырылды бәсеңдетеді. Ауа ылғалдатқыш жоқ болған жағдайда, орамалды сулап, жылу радиаторына іліп қоюыңызға болады.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?