0 интересует 0 не интересует
спросил 19 Фев, 16 от Эльмира в категории Денсаулық
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Тұмау тигенде тамағыңыз ауырса, мына тәсілдер арқылы емделіп көріңіз:

- Суық тигенде тамағыңыз ауырса, ол көбіне ауызбен демалғандығыңыздан болуы мүмкін. Негізінде, тамағыңызға және өупеге түсетін ауа мұрыныңызда ылғалдандырылып, жалытылады. Егер сізге суық тиген болса, мұрыныңыздың бітеліп қалғандықтан тыныстап жатқан ауа алғалданбайды. Сіз ауызбен демалғандықтан, тамағыңыз құрғап, тітіркенеді де, ауырсынуды күшейтеді. Сондықтан тамағыңыздың ауыруын басудың ең алғаш қолданылатын тиімді жолы - мұрыныңызды шайып, ауызбен демалмау. Бөлмеңіздегі ауыны ылғалдандыру да емделуіңізге септігін тигізуі мүмкін.

- Суық тиген тамағыңызды шөп тұнбаларымен немесе қарапайым тұзды сумен шаюыңызға болады. Бір қасық тұзды жарты литр жылы суға араластырыңыз. Тұздың мұндай мөлшері ағзаңыздағы тұздың табиғи мөлшеріне, шамалы болсын, сәйкес келеді. Сондықтан да ол тінді тітіркендірмейді. Тамағыңызды 1-2 сағат сайын тұз ерітіндісімен шайып тұрыңыз. Ерітіндіні жұтып қоймауға тырысыңыз. 

- Тамақ ауыруын басу үшін бумен тыныстау әдісін де қолданып жатады. Легенге немесе кәстрөлге бірнеше тазаланған картопты салып, қайнатып алыңыз. Орындыққа ыңғайланып отырыңыз да, басыңызды леген үстіне иіп, қалың орамалмен жабыныңыз. Осы қалыпта 12 минут отырғаныңыз дұрыс.

- Дәріханадан емдік мұзкәмпит сатып алыңыз. Егер суық тиіп, тамағыңыздың ауыруы вирустық жұқпа салдарынан болса, антибиотиктің көмегі болмайды. Бірақ, аталмыш  мұзкәмпиттердің құрамында кездесетін фенол иммунитетіңіз ауырумен күресіп жатқан уақытта жұқпаны бақылауда ұстайды. Оған қосымша, мұндай мұзкәмпиттер тамағыңыздағы жүйке ұштарын біарз тоңазытып, оның тітіркенуін азайтады.

ответил 19 Фев, 16 от Ұлан