Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек?

Талқылау
Пікір
Мөлдір
19 Ақпан, 16

Тұмаудың алдын алу шаралары:

  • Қатты тоңбауға тырысыңыз. Тоңазыған уақытта мұрынның шырышты қабығының қан тамырлары жиырылады. Ол мұрында шырыштың аз бөлінуіне алып келеді. Бөтен денелерді жойып отыратын кірпікшелердің қызметі нашарлағандықтан, вирустардың жасуша беттеріне қонып, енуі жеңілдейді. Сонымен қатар, тым қалың киінуге де тырыспаңыз. Терлегеніңізде суық тигізіп алсаңыз, ол да жақсылыққа апармайды.
  • Аяғыңызды жылы ұстаңыз. Табан терісінде көптеген сезімтал жүйке ұштары орналасқан. Суықтың салдарынан олар тітіркенгенде, рефлексті түрде мұрын шырышты қабығының қан тамырлары жиырылады.
  • Суық ауамен тек мұрын арқылы ғана тыныстаңыз. Далада ауызбен демалудан аулақ болыңыз. Мұрын қуысы арқылы өтетін ауа ылғалдандырылып, жылытылып, шаң тозаңдарынан тазартылып, залалсыздандырылады. Ауызбен тыныстағаныңызда аталғандардың бірі де орындалмайды. 
  • Қолыңызды жиі жуыңыз. Қолыңызды жууға мүмкіндік болмайтын қоғамдық орындарда жиі жүресеңіз, өзіңізбен гигиеналық спиртті майлықтарды, арнайы антисептикалық ерітінділерді алып жүруді әдетке айналдырыңыз.
  • Қоғамдық орындарда жүргеніңізде қолыңызбен бетіңізді ұстамауға тырысыңыз. Қолыңызбен аузыңыздың, мұрыныңыздың, көзіңіздің шырышты қабығына вирус жұқтыруыңыз мүмкін.
  • Киген киімдеріңізді жиірек жуып тұрыңыз. Кейбір вирустар киімде қалып қойып, біраз уақыт жұққыштығын сақтайды.
  • Індет, жұқпалы ауыру тараған уақытта қоғамдық орындарда қорғаныс маскасын киіп жүріңіз.  
  • Мұрыныңызды таңертең және кешкісін, яғни күніне екі рет шайыңыз.
  • Таза ауада жиі серуендеңіз. 
  • Бөлме ауасын жиі тазартып тұрыңыз. 
  • Бөлмеңізге ауа ылғалдандырығыш қойып қойыңыз.
  • Ішімдіктен бас тартыңыз.
  • Арықтауға арналған диеталарды ұстанбаңыз.
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?