Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ерлі-зайыптылар қандай дұғаларды білуі тиіс?

Ерлі-зайыптыларға арналған дұғалар бар ма?
Талқылау
Пікір
Ақпейіл
19 Тамыз, 16

Кедейліктен, жаман мінезден сыйыну

Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және

кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақтықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.

«Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-әсқам».

Ризық сұрау

Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира».

Тахмина
19 Тамыз, 16

Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрайтын дұға

Ибн Масғұд(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим) (Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина)

Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».

Самал
19 Тамыз, 16

Ер адамның өз отбасы мүшелері ауырған кезде дем салуы

Айшадан(оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі  біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын.

Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ)» (деген) сөзбен дем салатын ( Муслим).

Тоқтар
19 Тамыз, 16

Баланы барлық жамандықтан сақтауды сұрайтын дұға

Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз:

Ибн Аббастан(оған Алла разы болсын). Ол: «Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хасан мен Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын: «Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ (Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын)» деп айтатын»,-деген. (Бұхари).

Бағлан
19 Тамыз, 16

Салихалы әйел мен бала сұрайтын дұға

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың (Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың) алды ете гөр!».

«Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә»

Салихалы ұрпақ сұрайтын дұға

«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).

«Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и»

Досым
19 Тамыз, 16

Жыныстық қатынасқа түсердің алдында айтылатын дұға

Баланы тіл-көз және шайтанның кесірінен сақтағысы келген адам бала пайда болмаған кезден амал жасауы қажет. Ибн Аббастың сөздерінен Алла Елшісінің(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)былай дегені жеткізіледі: «Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен жыныстық қатынас жасағысы келіп: «Алланың атымен. Я, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет және Сенің бізге беретініңнен де (баладан) шайтанды аулақ ет», - деп айтса, әрі (сол) ерлі-зайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе, шайтан ешқашан оған зиян тигізе алмайды».

«Бисми Лләһи, Аллаһуммә, жәнниб-на-ш-шайтана уа жәнниби-ш-шайтана ма разақта-на».

Перзент сұрайтын дұға

Зәкәрия Пайғамбардың дұғасы: «Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла. Анығында, Сен – тілекті Естушісің» («Әли Имран» сүресі, 38-аят).

«Рабби хаб ли минләдунка зуррийатан тайибәтан иннәкә сами уддуаа»

Темірболат
19 Тамыз, 16

Үйленгенде айтатын дұға

«Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Егер сіздерден әлдебіреу үйленсе немесе қызметші жалдаса, былай десін: «Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сиынамын!» «Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра-һә уә хайра мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи уә ә’узу бикә мин шәрри-һә уә шәрри мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи!»

Үйленген кісіге айтатын дұға:

«Бәрака-Ллаһу ләкә, уә бәракә ‘аләйкә, уә жәмә’а бәйнәкумә фи хайр!»

«Алла саған береке берсін және саған береке жаудырсын, әрі сендерді жақсылықта біріктірсін!»

Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Мәкрүһ деген не?

1
Шыңғар
1 жыл бұрын пайда болды

Мәһір деген не?

1
Жанетта
1 жыл бұрын пайда болды

Нәпсі деген не?

1
Рамазан
1 жыл бұрын пайда болды

Құбыланы қалай анықтауға болады?

0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?