Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шелпектің рецепті бар ма?

Талқылау
Пікір
Гүлзада
22 Тамыз, 16

Шелпек рецепті 

Қажетті заттар:

  • бидай ұны - 2,75-3 стақан
  • су - 200 мл
  • тұз - 1 ас қасық
  • өсімдік майы - қуыру үшін
Дайындалуы:
  • Ең алдымен ұн, су, тұзды қосып нан илейміз. Мұнан соң қамырды 10 минутқа қалдырамыз.
  • Енді қамырды бірдей 7-9 бөлікке бөлеміз.
  • Әр бөлікті қалыңдығы 2-3 миллиметр болатындай етіп жұқалап жаямыз.
  • Табаға 1,5-2 см болатындай етіп май құйып, қыздырамыз. Қызыған майға шелпекті салып, шанышқының көмегімен айналдырып тұрып 3-4 секунд пісіреміз.
  • Мұнан соң шелпекті аударып, екінші жағын тағы да 3-4 секунд айналдырып тұрып пісіреміз.
  • Дайын болған шелпекті қағаз майлыққа саламыз. Оыслайша барлық шелпекті пісіреміз.
Астарыңыз дәмді болсын!
Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
2
Толқын
7 жыл бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

2
Майгүл
7 жыл бұрын пайда болды

"Цезарь" салатын қалай жасайды?