Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БҚО-дағы су Атырау облысына қарай ағып жатыр – ТЖМ
1 және 3 жасар бала да бар: Шымкентте белгісіз сұйықтықтан 22 адам уланып қалған
Бухгалтерлер құмар ойынға салынған: Алматы облысында полиция қызметкерлері бірлесіп бірнеше жыл 800 миллион теңгедей жымқырған
Атырау облысындағы екі баланың өлімі: Пәтерді өртеді деген күдікті ұсталды
Биыл мектепте соңғы қоңырау бола ма – Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді
"Педофилді босату үшін 2 миллион алған": Талғар сотының бұрынғы судьясы не үшін сотталғаны белгілі болды
"Сенен раушанның иісі шығады": Желі қолданушылары Бишімбаев сотында куәгер болған блогердің сөзінен жасырын мағына тапты (видео)
Мәжілісмендер Қытайдың төтенше жағдай саласындағы заңын зерттейді
Қазақстан секілді бірлігі ұйысқан басқа елді білмеймін – Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі
Су басқан 12 нысанның бәрінде малдар қауіпті аурудан қырылып қалған: Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурулардың қаупі туралы айтты
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Алайда соның барлығы жалғыз ұлынан айырылып, боздап қалған аналардың өксігінің орнын баса алмайды. Арысынан айырылған Тұмар ханым бостандық құрбандарын жерлейтін үлкен қорым қаздырды. Сонда жерленгендердің ішінде уыздай үлбіреген жас ханзада Спаргапис те бар еді. Жанарынан жасы үзіліп түскен Тұмар ханым Кирдің кесілген басын қолына жиіркене ұстап тұрып:
- Іздегенің қан еді, ал іш, ендеше! - деді де, сабадағы қанға басын батыра матырып жіберді.
Содан бері қан мен шаңға көміліп талай ғасырлар өтті. Әйтсе де, Тұмар ханымның сол сөзі күллі әлемге аян боп, ұрпақтан ұрпаққа өлмей жетті.
Тұмар - біздің дәуірімізге дейінгі 570-520 жылдары өмір сүрген Сақ падишасы. Біз Тұмар ханымның ата-баба шежіресін таратып бере алмаймыз. Алайда ол туралы жазылған тарихи әфсаналар мен көркем шығармаларға жүгінсек, Тұмар әйгілі скиф көсемі Ишпақайдың тұқымынан тарайды. Партатуаның шөпшегі, Мәдидің шөбересі, аты сол кезде аңызға айналған, алайда еш жерде нақ дерек сақталмаған Сыпыра (Спаргапис, Спаргапип) патшаның не немересі, не кенже қызы.
530 жылдары Кир сақ жеріне аяқ тіреп, Тұмар ханым бастаған сақ қолы мен парсылар арасында жойқын соғыс орын алған.
Мұқым төрткүл дүниеге аңыз ретінде тараған "Азия әміршісі" Кир мен ұлы сақ ордасының ханымы Тұмардың арасындағы бұл жойқын шайқас тарих бетінде мәңгі қалды. Көшпелі жұрттың ержүрек ұландарының төгілген қанының өтеуі - елінің бас бостандығы ғана болатын. Құрбандардың өмірінің орны толмаса да, халықтың жүрегіне азаттық рухын егіп кетті. Ата-баба қабірін ата жауына қорлатпады. Одан артық парыз бар ма! Сақстан ұлы ордаға айналды. Елдің басы бірікті. Жауы сескенетін болды. Бұл да өтеуі қайтқан ұлы парыздардың бірі.