Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Хиджама деген не?

Талқылау
Пікір
Нариман
22 Ақпан, 16

Хиджама дегеніміз - емдік мақсатта қолданылатын қан алу. Оны дененің кез-келген жеріне жасауға болады. Бірақ, көбіне хиджаманы желкеге, қос жауырынның ортасына жасайды. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі осы ем тәсіліне жүгінгені белгілі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір кездері Әбу Тайбтан хиджама жасап беруін сұрап, артынан өтеуін төлеп тұрып, былай деген екен: "Хиджама - ең жақсы емдеу әдістерінің бірі"(Бұхари).

Қан алу - нақты бір ауруды емдеу тәсілі емес. Ол ағзамыздағы артық қанның салдарынан болатын әлсіздіктен арылуға көмектеседі. Сүннетке сай өмір сүру және денсаулығымызды сақтау мақсатында жасалатын хиджаманы ғибадаттың бір түрі деуге де болады.

Хиджаманы қай уақытта жасаған дұрыс десек, Алла елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) Анас (Алла оған разы болсын!) жеткізген хадисінде: "Қан алғызумен емделуге ең жақсы уақыт - ол айдың 17, 19, 21-ші күндері",- делінеді.

Сонымен қатар, Ибн Омардың (Алла оған разы болсын!): "Қан алуды ең дұрысы аш қарынға жасау керек. Хиджама есте сақтау қабілетін жақсартады, сана-сезімді айқындайды. Оны жасар алдында Алланың есімін еске алыңдар. Оны бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жасатпаңдар, дүйсенбі, сейсенбі күндері қолданыңдар",- делінеді.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?