Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бастықпен ұрысып қалған жағдайда не істеу қажет?

Талқылау
Пікір
Жеңіс
24 Тамыз, 16

Бастығыңызбен сөзге келу не ұрысу жұмысшының абыройын өсірмейді. Сондықтан ең алдымен істеген ісіңіз үшін кешірім сұрау керек. Бұл жағдайда жұмысыңызды дұрыс жалғастыру мүмкіндігі бар. Тіпті, жұмыстан шыққан күннің өзінде араларыңыздағы қатынасты сақтай аласыз.

Бастықтар ақылды да, ақымақ та болуы мүмкін. Олар да тірі пенде, адам баласы болғандықтан кейде қарамағындағылардың ашуын келтіріп, ұрыс отын алғашқы болып жағады. Ал қарамағындағы қызметкердің одан тәуелді ахуалы түсіністік танытып, әр әрекетінің арты неге апарып соғар салмақпен ойлауын міндеттейді. Себебі бүгінгі еңбек нарығында жақсы жұмыс табу - шөп ішінен ине іздегендей. Егер бастығыңыз ақымақ болса, екі есе сақтық танытқаныңыз жөн. Алтын ереже әрі халық даналығы "аз сөз - алтын" дейді. Мағынасыз ұрысқа артық сөз, уақыт жұмсағанша, бастығыңыз тарапынан жасалған сөз шабуылын үнсіз қабылдап, сабырлық көрстекеніңіз абзал. 

Ал өндірістік дауға келер болсақ, оны серігіңіздің көзқарасына құрметпен қарай отырып пікірталас түрінде жүргізген ләзім. Бұл ретте өз пікіріңіздің дұрыстығын дәлелдеуге тырысқаннан бұрын, алдымен ақиқатты іздеуге ұмтылыңыз. Алайда пікірталасты тек ақылды бастықпен ғана жүргізу мүмкін болмақ. 

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?