Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шара Жиенқұлованың өмірбаянын білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Айнұр
24 Тамыз, 16

Шара (шын есімі Гүлашара) Жиенқұлова - биші, педагог. Ол 1912 жылы маусымның 18 жұлдызында дүниеге келген. Гүлашара Верный қаласының (қазіргі Алматы) көпесі Баймолда Жиенқұловтың отбасында дүние есігін ашқан он төртінші бала болған. 

Әртістің Әуезов атындағы Қазақ драма театрындағы алғаш сомдаған рөлі - Бейімбет Майлиннің "Майдан" пьесасындағы Пүліш рөлі. Мұнан соң Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасындағы Еңлік, "Қарагөз" пьесасындағы Қарагөз рөлдерін ойнаған. 

1934 жылдың 13 қаңтарында Қазақстандағы жаңа Мемлекеттік музыкалық театр сахансысының шымылдығы "Айман-Шолпан" қойылымымен ашылғанда есте қалар ең жарқын сәт "Келіншек" қазақ биі болған еді. Оны ойластырып, қойып, орындаған - Шара Жиенқұлова. Бұл қазақ би өнерінің басы болды.

Шара Жиенқұлова М.Әуезовтің "Айман-Шолпан" музыкалық драмасында, Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Жалбыр", "Ер Тарғын" операларында халық биін орындаған. Сонымен қатар "Қалқаман-Мамыр" тұңғыш қазақ ұлттық балетінде Мамыр партиясын билеген. Биші "Амангелді" кинофильмінде Балым рөлінде бой көрсеткен. 

Шара Жиенқұлованы би өнерінің "жауһары" деп біледі. Ол 1991 жылы 21 мамырда дүние салған.

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?