Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жалаңаш баба деген кім?

Талқылау
Пікір
Асқар
22 Ақпан, 16

Жалаңаш баба - он үш жасынан әулиелік дарып, хан Абылайдың кеңесші болған, жарақаттанған әскерлерін емдеген, халық емшісі, қобызшы болған адам. Азан шақырылып қойылған есімі Қойлыбай көрінеді. Әулие Сыр өңірінде дүниеге келген. Жетпіс бір жасында дүние салған.

Деректерге сүйенсек, әулиеден Абылай ханның өзі кеңес сұрап, бата алмай жорыққа шықпаған екен. Бір кездері Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,  Тума Шынқожа, Шанышқылы Бердіқожа, Көкжал Барақ сынды халқымыздың ұлы батырлары қолбасылық еткен қазақ-қырғыз арасында болған үлкен шайқаста  Көкжал Тума мен Барақ Шынқожа бастаған қол Алатау қырғыздарын талқандап, олжамен қайтып келе жатқанында, Шу, Ақсу өңірін шабуға дайындалып жатқан қырғыз әскері қазақтардың елін шапқанын естіп, қазақ қолының соңынан қуып жетеді. Кескілескен шайқаста Көкжал Барақ пен Тума Шынқожа бастаған қол жеңіліске ұшырап, өздері қазаға душар болған. Қырғыздар онымен тоқтамай Ақсу, Шымкент қоңыраттарын шауып, қайтар жолдарында Шу өзені бойына шейіт болған жауынгерлердің сүйектерінен мұнара тұрғызған. Бұл хабар артынша Абылай ханға жетіп, хан қаһарына мінеді. Үш жүздің батырларын жинап, қырғыздарға қарсы шаппаққа бекінеді. Ұрысқа аттанар алдында үш әулиесінің бірі Жалаңаш әулиені шақыртады. Бірақ, ханның адамдары әулиені ел ішінен таба алмайды. Қашып кеткен Жалаңаш әулиені Ертіс өзенінің бойындағы жалғыз ағаштың түбін паналап отырған жерінен табылып, ханға жеткізіледі. Жалаңаш әулие өз әрекетінің сырын: "Кәпірге атар жалғыз оғым бар еді, мұсылманға атпайын деп едім",- деп түсіндіреді. Абылай хан оған: "Мұсылман мұсылманның етін итке жегізіп, басынан келле мұнара тұрғызып, осынша қорлай ма екен? Жүрмесең Құдай алдында достық хақымды кешпеймін",- деп шайқасқа бірге аттануға көндіреді. Қырғыздардың Алатау басындағы жайлауынан түскен уақытын аңдыған хан, Шу бойына беттейді. Жау жағын күтіп жатқан Абылай хан қырғыз төресі Әтекеге кісі жібертіп, ұрысқа шақырады. Үшінші күн дегенде Шу бойына келіп жеткен Нәдір бала, Садыр бала бастаған Әтеке қолы әй-шайға қарамастан, бірден қазақ әскерлеріне оқ жаудыра бастайды. Осы тұста Абылай Жалаңаш әулиенің кеңесіне жүгінеді. Әулие ханға сәскені күтуін, сәскеге дейін оғы жауға дарымайтынын, дәл осы уақыт жау ыңғайына келіп тұрғанын айтады. Абылай  Жалаңаш әулиенің айтқанына тоқтап, уақыт ұту үшін жау жағына бітімге келейік деген сылтаумен елші жібереді. Елшінің сөзінен соң қырғыз төресі Әтеке ниетінен бас тартып, бітімге келуге келіседі. Алайда Нәдір бала бітімге келісуге қарсылық танытады. Бұл ісіне өкпелеген Әтеке екі мың әскерін алып, еліне қайтып кетеді.

Сәске болған уақытта Жалаңаш баба қазақ қолына оңтайлы уақ келгенін айтып, батасын беріп, жау жағына бір уыс топырақ шашыпты. Шайқаста Абылай ханның қолы қырғыздарды ойсырата жеңеді. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?