Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әдеби шығарманың қандай жанрлары бар?

Талқылау
Пікір
Қадыр
24 Тамыз, 16

Лирикалық жанр. Мұнда өмір шындығы адамның әр түрлі құбылыстарды, жай-жағдайларды қалай қабылдап-сезінетінін бейнелеу, оның ой-сезімін, алған әсерін суреттеу арқылы көрсетіледі. Орыс әдебиетінде кең тараған лирикалық шығармалардан элегия (мұңды өлең), эпиграмма (сықақ өлең), ода (мақтау өлең) және толғаныс (толғау өлең) секілді түрлерін атауға болады. Қазақ халық поэзиясында қалыптасқан жыр түрлерінің (терме, толғау секілді) өзіндік өзгешелігі бар, олар өлеңді ауызша шығарып айту дәстүрлеріне сәйкес қалыптасқан.

Драмалық жанрдың ерекшелігі - мұнда уақиғаны баяндау да, болған  жағдайды адамның қабылдап сезінуі арқылы көрсету де бар. шығармаға арқау болатын - өмірлік тартыс, уақиға. Ал уақиғаның барысы, қалай дамитыны кейіпкерлердің сөйлеген сөзінен аңғарылады.  Бұл жанрдың негізгі түрлері трагедия, комедия және драма ерте дәуірде қалыптасып, театр өнерінің дамуына байланысты кейін жаңа сипат-белгілермен толықты.

Қадыр
24 Тамыз, 16

В.Г.Белинский «Поэзияны тегiне, түрiне қарап бөлу» деген еңбегiнде әдебиеттi алдымен эпостық поэзия, лирикалық поэзия, драма деп үшке бөледi де, шығармалардың түр-түрлерін осы жүйені сақтай отырып топтастырады.

Эпостық жанр. Мұнда өмір шындығы негізінен уақиғаны баяндау арқылы көрсетіледі. Уақиғалар, кейіпкерлердің іс-әрекеттері өмірдегі болатын объективті болмыс қалпында алынып бейнеленеді, жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді.Жазба әдебиетінде эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме сияқты түрлері және сюжетті поэманың жаңа түрі пайда болды.

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы