Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Білім керек бәріне" тақырыбына қалай әңгіме құрауға болады?

Талқылау
Пікір
Ақылбек
22 Ақпан, 16

Білім керек бәріне

Арман мен Алхан кішкентайынан бірге өскен достар. Балабақшаға бір барып, мектепте де бірге оқып, тел қозыдай тең өсті. Екеуі де арман қуған талапты балалар еді. 

Он бірінші сыныпта ұлттық бірыңғай тест тапсыруға барлық оқушының дайындалары сөзсіз. Көңіліне болашаққа деген үлкен мақсаттар ұялаған екі дос әрдайым сынаққа бірге дайындалатын. Екеуі де таң атқаннан кеш батқанша кітаптан бас алмайтын. Түске дейін мектепте сабақ оқып, түстен кейін екеуі доп ойнап, дене шынықтырып, сергіп алады. Артынан сабақ оқуға кіріседі. Үй тапсырмаларын тиянақты орындап, ҰБТ-ға дайындыққа кіріседі. Бес пәннен де шама-шарқы келгенше дайындалып, күн сайын әр тақырыпты жан-жақты оқып, бір-бірімен талқылап, сұрақ қойысады. 

Осылай күндер де өте береді. Оқуға шынайы берілген екі дос бос серуендерге, әзіл-қылжаққа араласпайтын. Одан қалсын, екеуі де би кештеріне, кешкі жиындарға бармайтынды шығарды. "Уақытымызды бос өткізгенше, бір минутымызды да сарп қылмай, білімге арнайық", - деген шешім қабылдаған екеуі, достарынан, қатарластарынан шеттей бастағаны үшін талай сөзге қалды да. Десе де, екеуі ештеңеге мән бермеді. Жүрегінде бүлкілдеген мақсатымен болашаққа көз тастап, әр күн нық қадамдар басып, армандарына бір табан жақындай түсті.

Жарты жыл уақытты араға салып, көптен күткен сынақ тапсыру мезгілі де жетті. Арман мен Алхан сынақ өтетін сыныпқа кіріп, жүректерінің ерекше бұлқынғанын сезді. Қанша қобалжыса да, нар тәуекел десіп, үрейлерін үміттеріне жеңгізді. Осынша уақыт дайындалған себепті тест сұрақтарының көбіне қиналмай-ақ жауап берді. Барлығын белгілеп болдық-ау дегенде сынақ уақыты да аяқталып, университеттен анталаған ата-ана, туыс-тума толы университет ауласына шықты. Барлығы да тестінің қалай өткенін, сұрақтардың ауыр-қиын болғанын сұрасып жатыр. Екі дос қобалжығандарына қарамастан, жүздеріне күлкі үйіріліп, жақсылықтан үміт етті. Бір-біріне дәміл-дәміл: "Бәрі жақсы! Бәрі жақсы болады!"- десіп қояды.

Араға 3-4 сағат сала тест нәтижесі де жарияланды. Сынып жетекшілері үлкен мақтанышпен Арман мен Алханның 125 ұпайдан алғанын айтып, құттықтап жатты. Осы күнге дейін қырын қарап келген сыныптастары таңданып, жетістікке қалай қол жеткізгендерін сұрады. Әлдекімдер "танысы бар ғой", "ақша берген шығар" деген сынды пікір айтысып жатты. Осы уақытқа дейін тынбай білім алып, әр минуттың қадірін білген екі дос ол сөздерді, қызғаныштарды көңіліне алмады да. Тек Арман достарына қарап: "Білім керек бәріне",- деді де қойды. Барлық жетістіктің бастауы білім екенін сыныптастары, қатарластары іштей сезген де еді.

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?