Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Амбидекстр деген кім?

Талқылау
Пікір
Назым
25 Тамыз, 16

Мидың әр жарты шарларының қызметі қандай?

Сол жақ жарты шар қызметі:

  • ауызша ақпаратты қабылдау;
  • талдау;
  • сөздерді дәлме-дәл түсіну;
  • жүйелі ойлау;
  • математикалық қабілет;
  • логика;
  • абстракция;
  • тапқырлық.

Оң жақ жарты шар қызметі:

  • ішкі түйсік;
  • бейнелер, нышандар;
  • бүтін көріністі көру;
  • музыкалық қабілет;
  • дауыс ырғағы;
  • метафоралар;
  • елестету;
  • суретшілік қабілет;
  • сезімдер;
  • жыныстық қатынас;
  • тылсым;
  • армандар.
Мұнар
25 Тамыз, 16

Амбидекстр - миының екі жарты шары да бірдей дамыған адам. Екеуінің біреуінің ғана басымдығының болмауы адамның оң қолмен де, сол қолмен де бірдей жақсы жұмыс істеуіне әкеледі.

Леонардо да Винчи - ең әйгілі амбидекстр. Ол екі қолымен де сурет салған және сурет өнері, саз, математика, инженерияда да дарынды болған. 

Академик Андрей Сахаров, музыкант Джимми Хендрикс, АҚШ президенті Гарри Трумэн, суретші және мультпликатор Владимир Сутеев, өнертапқыш Никола Тесла, актер Том Круз, теннис шебері Мария Шарапова, әнші Мирей Матье және басқа да танымал адамдар амбидекстрлер қатарында. 

Екі қолмен де бірдей жұмыс істеудің дамуы адамға екі қолымен де бірдей жылдамдықта жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Олардың тиімділігі де бірдей болмақ. Мұндай адамдар оқиғаға дер кезінде жылдам баға беріп, шешімді лезде қабылдайды. 

Бүгінгі күн ер адамдардың 10%-дан азы, әйел адамдарың 15%-ға жуығы амбидекстрлер екен.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
2 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?