Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Дәрігерлер неге ақ түсті халат киеді?

Талқылау
Пікір
Абылай
29 Тамыз, 16

Енді халаттың қызғылт емес, сары емес, сұр емес, неге ақ түсті екеніне тоқталайық. Түстерді зерттейтін колориметрия деген ғылым бар. Сол арқылы шындыққа жанасатын жауап таба аламыз. Колориметрия ғылымына сенсек, ақ түс адамды ашықтыққа, тазалыққа, айқындыққа жетелейді. Демек, ақ түс пациенттерге оң ықпал етеді. Оның үстіне, ақ халаттағы жандарға пациенттер көбірек сенім артады. Статистикалық мәліметтер бойынша, ғалымдар ақ түстің адамға ойын шоғырландыруға көмектесетінін айтуда. Салыстырмалы түрде, ақ халат киген дәрігерлер аз қателік жібереді. Демек, ақ түс адам өмірін құтқаруға септігін тигізеді!

Абылай
29 Тамыз, 16

Әлемде медицина қызметкерлерінің 75%-ы ақ түсті халат киеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін дәрігерлерде ешқандай біркелкі форма болған жоқ. Тек ауыр операциялар кезінде ғана алжапқыш пен қолғап киетін. Ерте замандарда дәрігерлерді киіміне қарап танымайтын. Себебі, олар өз заманындағы нағыз танымал жандар болды, оларды жазбай танитын болған. Ең алғаш ақ халат кию қажеттілігі туралы бастаманы ағылшын дәрігері Джозеф Листер көтерді. Бұл киім түрінің антисептік қасиеті туралы оның тұтас теориясы бар еді. Ал өткен ғасырдың басында, Еуропаны тұмау індеті жайлағанда бұл теория расталды. Осыдан кейін жер-жердегі дәрігерлер жаппай ақ халат киюді бастады. Халат туралы тағы бір қызықты дерек, өткен ғасырда халатқа қарап, хирургтің кәсібилігін бағалайтын болған. Операция кезінде халат пациент қанымен неғұрлым аз былғанса, соғұрлым хирург білгір маман саналған. Жақында Англияда ақ халат кию қажет пе деген пікірталас қайта жаңғырды. Ақ халаттан уақытша бас тартқанда, халықтың халатсыз дәрігерлерге сенімсіздікпен, кейде тіпті, қорқынышпен қарайтыны белгілі болды. 

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
2 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?