Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Досымның көзіне жұбайының шөп салып жүргенін білсем не істеймін?

Талқылау
Пікір
Ақсана
29 Тамыз, 16

Егер бұл сұраққа бір жақты жауап қажет болса, ол «жоқ» деген сөзден тұрар еді. Мұнда достықтың да өз шекарасы барын түсіну керек. Екеудің жеке өміріне араласудың еш жөні жоқ. Тіпті, сіз досыңыз үшін алаңдап, сүйгенінің әрекеттерінен күмәндансаңыз да. Досыңыз жұбайының соңынан түскен тыңшы болуын сұрамаған болар. Олай болса, әлденеден секем алған күннің өзінде екеудің арасына түспеуге тырысыңыз. Жұбайлардың арасындағы қарым-қатынсас жайлы білетініңіз аз, оның үстіне тек бір жақты пікірге, көзқарасқа ғана иесіз. Одан бөлек сіз бәрін де қате түсінуіңіз мүмкін. Досыңыздың жұбайы әлдекіммен әзілдессе, не ол жайында қаңқу сөз тараса, ол шынымен де опасыздыққа барды ма, жоқ па, ол жағы сізге беймәлім. Ал досыңызға опасыздық жасағанын білсеңіз, ол туралы қашан сөз қозғауға болады? Біріншіден, досыңыз жұбаймен арасындағы қатынас жөніндегі пікіріңізді сұраса, сонда ғана байыппен ойыңызды айтуыңызға болады. Бірақ сөзіңізді әспеттеп, опасыздыққа барғанына сендіруге тырыспаңыз. Екіншіден, шындыққа көз жеткізу үшін, жұбайымен ашық сөйлесуді ұсыныңыз. Үшіншіден, досыңыздың өмірінде жағымсыз жайлар орын алса, қолдау көрсетуге тырысыңыз. Бастысы, өзіңізді досыңызға «шындықты» жеткізуге міндетті сезінбесеңіз болғаны.

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?