Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Түшкірген кезде «рас екен» дейді. Оның діни негізі бар ма?

Талқылау
Пікір
Нұрғиса
03 Қыркүйек, 16

Сондай-ақ, Табаранидің (р.а.) әлгіндегі кітабындағы сахаба Әнәстән жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сөздің ең дұрысы - қасындағы адам түшкірген кезде айтылған сөз»[3], деген екен. Хадисші әл-Һәйсәми бұл риуаят жайында: "Хадисті риуаят етуші кісілердің арасында «Ъумарату ибн Зәзән» атты адам бар. Бұл кісі әлсіз, қалған риуаятшылар сенімді", - дейді.

Қорытындылай келе айтарымыз, Ислам дінінде ақиқат нақты дәлелдермен белгілі болады. Оны Құран тілімен айтқанда «Бурһан» дейміз. Нақтылық жоқ жерде күмән, жорамал, болжам бар. Құранда: «Күмән ақиқаттың жанында түк емес»[4], - делінген. Сондықтан, айтылған сөздің растығына жету үшін әлдекімнің түшкіруі жеткіліксіз. Жоғарыдағы келтірілген хадистер бұл мәселеге нақты дәлел бола алмайды. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Нұрғиса
03 Қыркүйек, 16

Ондай ұғымға сай келетін кейбір риуаяттар кітаптарда бар. Атап айтсақ, сахаба Әбу һурайрадан (р.а.) жеткен бір риуаятта Пайғамбарымыз былай деген: «Кімде-кім әңгіме айтып жатқан кезінде қасындағы адам түшкірсе, демек ол рас айтады».

Осы хадисті келтірген Имам ән-Нәуәуи: "Хадисті жеткізуші риуаятшылардың бәрі сенімді. Тек арасында Бақияту ибн әл-Уәлид деген кісі жайында мамандар әртүрлі пікірлер білдірген", - дейді[1].

Хадисші ғұлама әл-Байхақи (994-1066 ж.) аталмыш хадисті «мүнкәр» деп, хадисті қабыл етпеді. Ал, Табарани (873-970 ж.) өзінің «әл-Әусат» атты хадистер жинағында әлгі хадиске «әлсіз» деп баға берген[2]. Ойдан шығарылған хадис дейтіндер де жоқ емес.

Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Мәкрүһ деген не?

1
Шыңғар
1 жыл бұрын пайда болды

Мәһір деген не?

1
Жанетта
1 жыл бұрын пайда болды

Нәпсі деген не?

1
Рамазан
1 жыл бұрын пайда болды

Құбыланы қалай анықтауға болады?

0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?