0 интересует 0 не интересует
спросил 22 Фев, 16 от Раушан в категории Құттықтаулар және өлеңдер

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

8 наурызбен құттықтау тілектері

Анашым, сіз менің өмірімдегі ең маңызды жансыз. Сізді халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, зор бақыт пен табыс, денсаулық тілеймін! Менің күндей анашым, сіздің балаңыз болғаным үшін бақыттымын!


Ардақты анам, құтты болсын мерекең,

Арта берсін қуанышың, берекең!

Сарқылмасын денсаулығың, шаттығың,

Сенің абзал есіміңді жыр етем!


Анашым, 8 наурызбен келіп жеткен мерекеңізбен құттықтаймын! Менің гүл анам, сізге зор бақыт тілеймін. Өміріңізде қуанышты сәттер көп болсын! Көздеріңіз әрқашан да нұр шашып, гүл жайнаған жүзіңізден күлкі кетпесін! Сіз - әлемдегі ең әдемі, аяулы, мейірімді, нәзік, ақылды, көркем, ең керемет анасыз. Сізді шексіз жақсы көремін!


Аяулы анам, көктемнің шуақыт күнінде сізге деген махаббатым мен сезімімді жеткізуге рұқсат етіңіз! Кей кездері күйбең тірлікпен жүріп, әлемдегі баға жетпес құндылығымыз - ата-аналарымызды ұмытып кетіп жатамыз. Бірақ сіздің нұрлы дидарыңыз әрдайым менің жанымда. Сіздің аялы алақаныңызды, кішкентайымнан құшағыңызда мәпелеп, әлдилеген жаныма жақын дауысыңызды ұмыт, әсте, мүмкін бе?! Бүгінгі мерекеңізде сізге шаттық пен бақты тілеймін! Сіздің үлкен жүрегіңіз бен әрбір жасушаңыз мейірім шуағына толсын! Өзіңіз лайықты әйелдік бақытқа ие болыңыз! 


Көктем мерекесімен! Сізге тілерім - тамаша көңіл-күй, жылылық пен қамқорлық, шат-шадыман мереке мен таусылмайтын береке, күтпеген кездесулер мен қуанышты жағдайлар. Әрқашан да махаббатың жылуына бөленіп, жүзіңізде нұр ойнап, бал-бұл жайнап, бақытты өмір сүріңіз!

ответил 23 Фев, 16 от Күләш
редактировать 24 Фев, 16 от Мейрамгуль