Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Қан мен тер" трилогиясы не жайлы?

Талқылау
Пікір
Нұрым
24 Ақпан, 16

Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясы Арал теңізі бойында өмір сүретін балықшылар өміріне құрылған. Романның кейіпкерлері ауыр тағдыр иелері болғанымен, олар - қайғы--қасіреттерді қасқая тосып, еңсесін түсірмейтін азаматтар. Олардың асқан шеберлікпен сомдалған мүнез-кейіптері санаңа мығым орнайды. Кітаптың әр бетінен теңіз бен жусанды дала, ауыл түтінінің иісі аңқып, қысқы аяз бен жазғы ыстықтың лебі еседі. Шығарма кейіпкерлері балық аулап, мал жайып, өлгендерін жоқтап, шайқасқа аттанып, ғашық болып, отбасын құрып, әрдайым күресіп, өзінің және өзгелердің бақытын аңсап өмір сүреді. 

Романдағы уақыт 1915-1916 жылдарды қамтиды. Келе жатқан революция лебі киіз үй мен саман үйдің түтіні түтеген арал даласына әлсіз жеткенімен, жаңа өмірдің басталары сезіледі. 

Екінші кітаптағы оқиғалар Қазан төңкерілісі тұсында орын алады. Қазақ даласы қалың ұйқыдан оянғандай. Кедейлер мен бай, билердің арасындағы қақтығыс жиілеп кетеді. Халық қолдаушыларының дауыстары уақыт өткен сайын қаттырақ шыға бастайды. Еламан халқын отаршылық езгісінен босату үшін өз өмірін құрбан етуге бел буады. 

Романды оқып отырып көз алдымыздан мінезі мен тағдыры бөлек түрлі бейнелер галереясы өтеді. Бақыт пен байлықтың жанында кедейлік пен алдау қатар жүреді. 

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы