Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қан тапсыру пайдалы ма?

Талқылау
Пікір
Салтанат
23 Ақпан, 16

Қан тапсыру зиян емес. Дәрігерлер оның, тіпті, пайдалы екендігін айтады. Орта ғасырлардан бері қан алумен көптеген ауруларды емдеп жазған. Қазір де кейбір емдік мақсатта қолданылып жүр. Ол - қан қысымының жоғарылауы, әйелдердегі климакс сынды жағдайларда пайдалы. Ер адамдарға да түрлі жарақат, асқазан жарасы, тағы басқа себептермен қан жоғалту болып жатқан жағдайда, ағзасын қан жоғалтуға алдын-ала дайындау мақсатында қолданады. Негізінде, жиі қан тапсыру ағзадағы өзін-өзі жаңарту үдерісін іске қосып, көптеген зерттеулер бойынша, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады. Мысалы, ұдайы қан тыпсырушы ер адамдарда инфаркт алу қатері бірнеше есеге төмен. Сонымен қатар, дәрігерлер қан тапсырудың үлкен адамгершілік ләззаттану мен ұзақ уақытқа созылатын көтеріңкі көңілдің кепілі екендігін айтады. Жүйелі түрде қан тапысру холестериннің деңгейін төмен деңгейде ұстап тұрады.

Дені сау ересек адам үшін қан алудың 450-мл - стандартты мөлшері оның хал-жағдайына, физиологиялық қызметтеріне кері әсерін тигізбейді. Қан тапсыру атеросклероз, тұз байлану ауруы, ас қорытылуының бұзылуы, ұйқы безі, бауыр, зат алмасу үдерісінің қызметінің бұзылуы сынды көптеген аурулардың алдын алу шарасы ретінде қолданылады. Ғылыммен дәйектелген мөлшерде қан алу ынталандырушы әсер беретін қасиетке ие. Сондықтан, ұдайы қан тапсырушы адамдар - әлемдегі денсаулығы күшті адамдардың бірі.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?