0 интересует 0 не интересует
спросил 22 Фев, 16 от Еңлік в категории Үйлену тойы

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Шет елдік азаматтың жүрегін жаулау және тұрмысқа шығу жөніндегі кеңестер:

  • Кездесу барысында барынша жылы жүзді болып, айналаңыздағылардың назарын өзіңізге аударуға тырысыңыз. Сіз таңдаған шет ел азаматына дәл қазір сіздің көңіліңіз тек өзіне құлағаны ұнайтын болар.
  • Азаматыңызды ақылыңызбен, ойыңыздың ұшқырлығымен және де оның тілінде мінсіз сөйлеуіңізбен таң қалдырыңыз. Оны реніш тудырмайтындай әзілдермен қағытып қойыңыз.
  • Күліңіз. Көп әйелдер күлкісімен тартымдырақ бола түседі. Күлкі - шет ел түсінігінше, менталитеттің құрамдас бір бөлігі.
  • Өзіңізге сенімді болыңыз. Қобалжымаңыз, өзіңізді жасанды ұстамаңыз. Әңгімегеге араласып, оны барынша тыңдауға тырысыңыз.
  • Үнемі оның көздеріне қараңыз. Көптеген психологтар ғашықтардың көздері әңгіме барысында кем дегенде 2-3 рет тоғысатынын айтады. Аталмыш әдіс болашақ жарыңыздың сізге деген сезімі мен құрметінің артуына сеп болады.
  • Оның көз қарашықтарының сәл ұлғайғандығы сізге қызығушылығын аңғартады. Ер адамдар, әсіресе, шет елдік азаматтар өздерін барынша тыңдап, түсінгені ұнайды. Олардың дәстүрлері еркектердің әйелмен қиындықтарымен бөлісіп, кеңескенін құп көрмейді. Сондықтан оларға сыраханаларға немесе клубтарға баруға тура келеді. Дегенмен, олар да сүйген жарының өзін тыңдап, керек кезде ақыл қосқанын қалайды.
  • Кейбір әрекеттеріңізде оған еліктеуіңізге де болады. Ол бейсаналы түрде тығыз қарым-қатынасқа икемдейді. Өзіңіздің әрбір әрекетіңізбен оны ұнататындығыңызды аңдата біліңіз. 
ответил 24 Фев, 16 от Шырайлым